Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет165/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

көңілінде бір қобалжу сезді». Сол кезде Аллаһ тағала Мұсаға: 
«Қорықпа! Сен үстем боласың. Оң қолыңдағыны таста! 
Олардың жасағандарын жалмасын. Шынында, олардың 
жасағандары сиқыршының айласы ғана. Сиқыршы қайда 
барса да, құтылмайды», – деп уахи етті. Мұса асатаяғын жерге 
тастағаны сол еді, ол үлкен жыланға айналып, әлгі 
сиқыршылардың ирелеңдегендерін жұта бастады. Мұның сиқыр 
емес, теңдесі жоқ нағыз мұғжиза екендігіне көздері жеткен 
«бүкіл сиқыршылар сәждеге жығылып: «Мұса мен 
Һарунның Раббысына иман келтірдік», – деді.
Тәңірлік кереметке дүйім жұрттың алдында бас ұрған 
сиқыршыларына перғауын қаһарланып:
«Мен сендерге рұқсат беруден бұрын иман келтірдіңдер 
ме? Әрине, ол сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Енді 
қол-аяқтарыңды айқаштап кесемін
2
 және сендерді құрманың 
бұтақтарына асамын. Сөйтіп, қайсымыздың азабы қатты да 
тұрақты екенін жақсы білесіңдер», – деді. Сиқыршылар 
перғауынға: «Бізге келген ашық мұғжизалардан, сондай-ақ 
бізді Жаратқаннан сені артық көре алмаймыз. Шығарар 
үкіміңді шығар. Бар болғаны сен осы дүниеде ғана ықпал 
1
«Ағраф» сүресі, 116-аят. 
2
Сол кездегі жазаның бірі аяқ-қолды айқаштап, оң қолды кессе – сол 
аяқты, сол қолды кессе – оң аяқты кесетін. 


193
 
 
жүргізе аласың. Күдіксіз, біз қателіктеріміз бен сен зорлаған 
сиқырымызды кешіруі үшін Раббымызға иман келтірдік. 
Сондай-ақ Аллаһтың (берері) қайырлы әрі тұрақты»
1
, – деп 
қарсы тұрды. 
Сиқыршылардың ақиқатты мойындап, иман келтіргеніне 
ашуланған перғауын оларды түгелдей өлтіруге бұйрық береді. 
Бұл сиқыршылар «жүгіріп келген кісіден» кейін мысырлықтардан 
алғаш иман келтірген адамдар еді. Ибн Аббас (Аллаһ әкесі 
екеуіне 
разы 
болсын): 
«Перғауынның 
қауымынан 
сиқыршылармен бірге үш-ақ адам иман келтірді. Олар: 
перғауынның әйелі Әсия, жүгіріп келген кісі және перғауынның 
отбасынан иманын жасырын ұстаған бір кісі», – деген.
Тамашалап тұрған көпшілік ақиқатқа көздері жетіп 
мойындағандарымен, перғауынның қаһарынан қорқып иман 
келтірмеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет