«Мұсаның ашуы басылғанда тақтайларды алды. Оның
нұсқасындағы жазуда Раббыларынан қорқатындар үшін тура
жол мен мейірім бар»
1
.
Сөйтіп, ол исраилдіктерді жинап:
«Мына тақтайшалар, онда Аллаһтың әмірлері, Тәурат бар.
Құлақ салып, бойсұныңдар», – деді. Олар Мұсаға: «Мұны бізге
оқып бер. Егер ұнаса – құлақ саламыз, ұнамаса – тыңдамаймыз»,
– деп жауап қайтарады. Мұса мұндай жауапқа ашуланып: «Оны
ұстаныңдар!» – десе де, олар қасарысып: «Жоқ! Оның ішінде не
жазылғанын білгенімізше, сондай-ақ ұнамаса, оны ұстанбаймыз»,
– дейді. Мұса оларды Тәураттағы үкімдерді ұстануға қанша
үгіттегенмен, көнбеді. Аллаһ исраилдіктерді осы секілді
надандықтары үшін жазғырып: «Сендерге Мұса анық дәлелдер
әкелгеннен кейін де бұзауды тәңір жасап алдыңдар. Сендер –
залымсыңдар»
2
, – дейді.
Осы кезде ғажап мұғжиза бой көрсетті. Тау орнынан көтеріліп,
әуелеп ұшып, исраилдіктердің төбелеріне келіп тұрды. Сол кезде
барып олар Мұсаға Тәураттың әмірлерін ұстануға серт берді.
Исраилдіктердің кітаптарындағы үкімдерді қабыл етулері
осындай таңғажайып қорқыту арқылы ғана жүзеге асты. Аллаһ
тағала:
«Сол уақытта бастарыңа Тұр тауын көтеріп тұрып:
«Сендерге біз берген (Тәуратты) мықтап ұстаңдар да, құлақ
салыңдар» деп серт алған едік. Олар: «Құлақ салдық және
қарсы болдық», – деді. Кәпірліктері себепті олардың
жүректеріне бұзау сіңіп қалған. Оларға: «Егер иман келтірген
1
«Ағраф» сүресі, 154-аят.
2
«Бақара» сүресі, 92-аят.
213
болсаңдар, имандарың сендерге нендей жаман нәрсені
(бұзауға табынуды) бұйырған», – де»
1
;
«Бір күнде тауды көлеңке тәрізді Исраил ұрпақтарының
Достарыңызбен бөлісу: |