Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


төбелеріне көтердік. Олар оны шын түседі деп ойлады



Pdf көрінісі
бет184/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

төбелеріне көтердік. Олар оны шын түседі деп ойлады. 
«Сендерге берген кітапты мықтап ұстаңдар да, ондағыны 
түсініңдер, мүмкін қорқарсыңдар», – (дедік)»
2
, – деп баяндаған. 
Тұр тауына барған жетпіс кісінің оқиғасы 
Мұса Аллаһ тағаланың оларды перғауын езгісінен құтқару 
жолында көрсеткен шексіз рақымшылығынан кейін де 
қауымының келтірген күпірлігі үшін қысылып, қатты ұялады. 
Сондықтан Аллаһтың алдында қауымы үшін кешірім сұрауға Тұр 
тауына барғысы келген ол исраилдіктерден ізгі деп санаған 
бұзауға табынбағандардың ішінен жетпіс кісіні іріктеп таңдап 
алып, үшінші рет қасиетті мекенді бетке алып жолға шығады. 
Аллаһ тағала: «Мұса белгілі мерзіміміз үшін елінен жетпіс кісі 
таңдады», – деген. Осы жетпіс кісіні ертіп Мұса тауға шығып 
келе жатқанда, тау тітіреп, сілкінеді. Мұнан қорыққан Мұса 
«оларды сілкініс қолға алғанда: «Раббым, егер қаласаң, 
оларды да, мені де бұдан бұрын-ақ жоқ етер едің. Ішіміздегі 
ақымақтардың қылықтарының салдарынан бізді жоқ етесің 
бе? Бұл Сенің бір сынауың ғана. Сонымен қалағаныңды 
адастырып, қалағаныңды тура жолға саласың. Сен – біздің 
Иемізсің. Енді бізді кешір, бізге рақымшылық ет. Сен – 
кешірушілердің ең Абзалысың. Бізге осы дүниеде және 
ақыретте жақсылық жаз! Күдіксіз біз Саған бет бұрдық», – 
деп Аллаһқа жалбарынып дұға қылды. Аллаһ тағала: «Мен 
қалағанымды азабыма ұшыратамын, рақымым әр нәрсені 
сыйдырады. (Рақымымды) сондай тақуалық қылғандарға, 
1
«Бақара» сүресі, 93-аят. 
2
«Ағраф» сүресі, 171-аят. 


214
 
 
зекет бергендерге және аяттарымызға сенгендерге жазамыз», 
– деді»
1

Аллаһ тағала кеңшілік көрсетіп, кешірім жасаған соң, тау 
сілкінуін тоқтатып, тынышталды. Сол кезде тау төбесіне қою 
бұлт қонды да, сол бұлттың арасынан Аллаһтың үні естіле 
бастады. Мұсаның қасындағы жетпіс кісі осындай керемет 
оқиғаның куәсі болды. Сонда әлгілер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет