Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет191/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
«Мұса оған: «Саған үйретілген даналықтан маған да үйретуің 
үшін саған ерейін бе?» – деді. Ол: «Расында, сен менімен бірге 
(жүруге) шыдай алмайсың. Ішкі сырын толық білмейтін 
нәрсеге қалай сабыр ете аласың?» – деді. (Мұса): «Аллаһ 
қаласа, мені сабырлы табасың. Сондай-ақ саған ешбір істе 
қарсы келмеймін», – деді».
Сонда Қыдыр: «Ал онда маған ілессең, өзім айтпайынша
менен ештеңе сұрама», – деді». Олар осыған келісіп, Мұса 
Юшағты еліне қайтарып, өздері жолға шығады. «Сөйтіп, екеуі 
жолға шықты да, кемеге түсіп, (Қыдыр) оны тесе бастады»
Ішіне су кірген кеме батуға айналды. Кемедегі балықшылар ішке 
кірген суды сыртқа төгіп, әбігерге түсті. Қыдырдың бұлай 
істегеніне Мұса таңырқап: «Кемедегілерді суға батыру үшін 
тестің бе? Шынында, сен айыпты іс жасадың», – дейді. 
Қыдыр: «Саған менімен бірге еш сабыр ете алмайсың демедім 
бе?» – деді». Сонда Мұса Қыдырға берген уәдесі есіне түсіп: 
«Ұмытқанымды айыпқа бұйырма және маған ісімде 
қиындық жүктеме», – деді».
Мұнан кейін олар бір жағажайға түсіп, біраз жүрген соң 
Қыдыр ойнап жатқан балалардың қасына келіп, олардың біреуін 
жығып құлатып, бауыздап өлтіріп тастайды. «Екеуі жолға түсті. 
Бір ұл бала кездесіп еді, (Қыдыр) оны өлтірді». Көз алдында 
кісі өліміне куә болған Мұса шыдап тұра алмай: «Ешкімді 
өлтірмеген бейкүнә жанды өлтірдің бе? Шынында, сен теріс 
іс жасадың», – дейді». (Қыдыр) тағы да: «Сен менімен бірге 
жүруге әсте шыдай алмайсың демедім бе?» – деді». Мұса: 
«Егер осыдан кейін де сенен әлдене жайлы сұрасам, мені серік 
етпе. Шынында, сен менің тарабымнан ақталудың (шегіне) 
жеттің
 1
», – деп соңғы уәдесін берді.
Сосын шаршап-шалдығып, қарындары ашып, бір ауылға 
келеді. Бірақ ол ауылдың адамдары бұларды үйлеріне түсіріп, 
1
Яғни онда мені тастап кеткенің үшін сені айыптай алмаймын. 


222


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет