Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет187/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
«Біз Исраил ұрпақтарын он екі рулық топтарға бөлдік. 
Мұсадан елі су сұрағанда: «Таяғыңды тасқа ұр!» – деп уахи 
еттік. Сонда тастан он екі бастау су шықты да, әркім өз 
суатын білді. Оларға бұлтты көлеңке қылып, шырын мен 
бөденелер түсіріп: «Өздеріңе Біз берген таза ризықтан 
жеңдер», – (дедік). Олар бізге кесір тигізбеді. Алайда өз-
өздеріне кесір тигізді»
1
, – деген. 
Аятта айтылғандай, Аллаһ исраилдіктерді күніне үш мезгіл 
азықтандырып отырды. Азық ретінде оларға Аллаһ тағала 
бөденелерді жіберетін. Бөденелер келіп қонғанда, исраилдіктер 
олардың арасынан қалағандарын таңдап алып, пісіріп жейтін. 
Бөденелер олардан қашпайтын, еттері өте дәмді болатын. Бұған 
қоса, Аллаһ тағала оларға көктен тәттілігі тіл үйірер, бал сияқты 
желім түсіретін. Бір риуаяттарда, бұл желім емес, ұнтақ еді, оны 
исраилдіктер илеп, нан жасайтын дейді. Осыншалықты 
қырсықтықтарына қарамастан, Аллаһ тағала оларды ішіп-жеммен 
қамтамасыз етіп, күннің ыстығынан сая берді. Исраилдіктер 
сонда да кесапаттық танытатын. Аллаһ тағала:
«Сол уақытта: «Ей, Мұса! Бір түрлі тағамға еш қанағат 
ете алмай жатырмыз. Раббыңа дұға қыл, бізге жерде өсетін 
көкөнісінен: 
қиярынан, 
сарымсағынан, 
бұршағынан, 
пиязынан өсірсін», – дедіңдер. (Мұса): «Жақсыны арзымас 
нәрсеге ауыстыруды қалайсыңдар ма? Онда қалаға 
барыңдар, тілегендеріңді табасыңдар», – деді»
2
, – деп айтқан. 
Сиыр оқиғасы 
Олар жапан түзде үйсіз-күйсіз қырық жыл қаңғырып 
жүргендерінде бірнеше оқиғаны бастарынан өткерді. Ол 
оқиғалардың бірі – сиыр әңгімесі. 
1
«Ағраф» сүресі, 160-аят. 
2
«Бақара» сүресі, 61-аят. 


218


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет