237
қате түсінік. Тіпті кейбіреулер «төрт пайғамбар әлі күнге
дейін
тірі. Екеуі жерде, екеуі көкте: көктегі – Идрис пен Иса, жердегі –
Қыдыр мен Илияс» деген. Мұның бәрі – негізсіз, жалған нәрсеге
құрылған қате пікір. Бұған дәлел Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ
әкесі екеуіне разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз
(с.а.с.) бірде құптан намазын оқып болған соң сахабаларға
бұрылып:
«Мына түндеріңді көріп тұрсыңдар ма?» – деп сұраған.
Олар:
«Иә», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Жүз
жылдан кейін жер бетінде қазір тірі болған ешкім қалмайды»,
– деген
1
.
Яғни сол түнде жер бетінде
болған адамдардың барлығы
арадан тағы бір ғасыр өткенше өліп біткен. Бұл – біздің
қолымыздағы анық дәлел. Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадисінде
ешкімді мұнан тысқары атамаған.
Аталған төрт пайғамбардың
ішінде Аллаһ тағала тек Исаны ғана көкке көтеріп әкеткен. Ал
қалғандары болса өз өлімдерімен дүние салған.
1
Хадисті әл-Бұхари мен Муслим жеткізген.