Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет35/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

«Алғашқы 
надандық 
дәуіріндегідей 
сәнденбеңдер!»
2
деген сөзіне түсіндірме бере отырып: «Адамның 
ұрпағынан саналатын екі топтың бірі (яғни Қабылдың қауымы) 
1
Хадисті Ибн Хиббан жеткізген. 
2
«Ахзаб» сүресі, 33-аят. 


43
 
 
далалық жерде тұрды. Ал қалған балалары тау етегін мекендеді. 
Таулы аймақта тұратындардың еркектері көрікті, ал әйелдері 
көріксіз еді. Керісінше, дала тұрғындарының әйелдері көрікті, ал 
еркектері ұсқынсыздау келетін. Сонда шайтан бір далалыққа 
қызметкер бала кейпінде келіп, оның қолында жалданып қызмет 
істеді. Сол бала (Ібіліс) оларға күйлер мен әуендер үйрете 
бастады», – деп айтқан.
Ол сыбызғы сияқты үрлемелі бір аспап ойлап тауып, одан 
адамдар бұрын естімеген бір күй шығарды. Бұл әуен таудағы 
адамдардың құлағына жетіп, тыңдай бастады. Сондай-ақ 
Қабылдың қауымы бәрі жиналып, әйелдері еркектері үшін 
сәнденетін 
бір 
мейрам 
ұйымдастырды. 
Таудағылар 
далалықтардың әйелдерінің әдемілігін көріп алданды. Сөйтіп, 
таудағы еркектердің кейбірі далаға жасырын жол тарта бастады. 
Ал Адамның ұлы Шистің шариғатында Қабылдың ұл-
қыздарымен қарым-қатынас жасауға тыйым салынған-ды. Алайда 
кейбіреулер азғыруға түсіп, бұл тыйымға бағынбады. Далалық 
әйелдердің әдемілігі нәпсілерін қоздырып, оларға ұрланып 
баратын болды. Басында олар жақындап келіп, сырттан көз 
тастайтын. Кейіннен тауда тұратындардың бірі мереке кезінде 
келіп, далалық әйелдердің әдемілігін көріп
таңғалып 
жолдастарына хабар берді. Әйелдер де таулық еркектерді ұнатып 
қалды. Сөйтіп, екі жақ бір-бірімен араласа бастады. Ақырында 
бұзықтық жайлап, адамзат қоғамында зина орын алды. Ибн 
Аббас: «Аллаһ тағаланың «Алғашқы надандық дәуіріндегідей 
сәнденбеңдер!» деген сөзінің түсіндірмесі осы», – деген.
Алғашқы надандық осылай бой көтерді. Бұзақылық 
қарқындады. Шис қалған ізгілікті сақтап қалуға тырысып, өз 
ізбасарларының олармен араласуын тоқтатуға күш салды. Алайда 
шайтан азғырып, бұзақылық бұлардың арасында да өркендеді. 
Сол уақытта Қабылдың қауымы көбейіп, Шистің қауымы азая 
бастады. Жағдай Идрис келгенге дейін осылай жалғасты. 


44


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет