Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет34/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
7. Шын мәнінде де, қыңырлық әйелдердің табиғатында бар. 
Кейде оларды ақыл емес, сезім билейді. Егер оны қатты 
шүйліксең, сындырып аласың. Ал егер мән бермесең, онда ол өзің 
шыдауға тура келетін сол сезімінде қалады. Сондықтан 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Әйелдермен жақсы қатынаста 
болыңдар», яғни оларды табиғатына қарсы мәжбүрлемеңдер, – 
деген. 
8. Қабылдың тәубесінің қабыл болмау себебі: ол тәубенің 
қабыл болу шарттарын орындамаған еді. Тәубенің қабыл болу 
шарттары мынадай: 
а) Күнәдан тез арада тыйылу. 
ә) Істеген күнәсіне шын мәнісінде іштей күйзеліп өкіну. 
б) Аллаһ тағаладан жалбарынып кешірім сұрау. 
в) Тәубені кешіктірмей жасау. Өйткені жан алқымға келгенде 
немесе күн батыстан шыққанда жасалған тәубе қабыл болмайды. 


42
 
 
ШИС (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) 
Адам дүние салар алдында пайғамбарлықты Шиске тапсырды. 
Шис Адамның (аләйһис-сәләм) Әбілдің өлімінен кейін көрген 
ұлы болатын. Өйткені Адам ұлы Әбілден айырылған кезде қатты 
қайғырған еді. «Шис» сөзінің мағынасы – Аллаһтың сыйы, 
нығметі дегенді білдіреді. 
Әбу Зарр (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): 
«Аллаһ жүз төрт жазба түсірді. Содан елу жазбаны Шиске 
түсірген», – деді», – деген
1

Ол жазбалар адамзаттың өмірін ретке келтіретін қағидалар 
мен шариғаттық заңдарды қамтыды. Өйткені адамзаттың 
бастапқы кезеңдегі өмірі реттеуді қажет етті.
Адам Шиске өз білімінің басым бөлігін үйретті. Бірақ ол 
Адамның білімін толығымен игере алмады. Өйткені Адам тікелей 
Аллаһ тағаладан тәлім алған. Шис Адамнан білім алған, көп 
нәрсе үйренген, ғұлама кісі еді. Ол адамдарға өркениет пен 
өнеркәсіпті, күн мен түнді өлшеуді үйретті. Ибн Исхақ: «Шис 
оларға күн мен түнді өлшеуді үйретті және сол уақыттарда қалай 
ғибадат жасауды көрсетті», – деген.
Сонымен, Адам өмірден өткеннен кейін билік пен 
пайғамбарлықты оның ұлы Шис қолына алды. Ол жер бетінде 
әділ, ізгі үкім жүргізді. Алайда далалық жерде Қабылдың 
қауымының арасында түрлі бұзақылық жайттар орын алған еді. 
Қылмыстар артып, кісі өлтіру көбейген-ді. Олар өздері жаққа аяқ 
басқан Адамның басқа ұлдарын өлтіре бастады.
Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) Аллаһ 
тағаланың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет