Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет33/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
3. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Егер Адам баласы сәжде аятын оқып, 
сәжде жасаса, шайтан жылап: «Маған қасірет болсын! Адам 
баласы сәждеге бұйырылып, сәжде жасады да, оған жаннат 
болады. Мен сәждеге бұйырылдым да, қарсы шықтым, маған 
тозақ болады», – дейді», – деген
1

4. «Адам баласының алғашында сана-сезімі төмен болған. 
Оны адам еткен – еңбек. Ол аң аулауды және отты қалай 
пайдалануды үйренді. Келе-келе тілі шықты» деген пікірлердің 
қисынсыз, ақиқатқа мүлдем жанаспайтыны бүгінде жан-жақты 
дәлелденген. Аллаһ тағала адамды әу бастан білімді
періштелерден де білгір етіп жаратты. 
5. 
«Жаннатта 
сен 
ашықпайсың 
және 
жалаңаш 
болмайсың». Тарихшылар «адамдар әуелде жалаңаш болған, 
сосын киінуді үйренді» деген негізсіз тұжырым айтады. 
Асылында, Аллаһ тағала Адамды және оның ұрпағын жаннатта 
да, жерде де киіндірді. Бұл туралы Ол:
«Ей, адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін сендерге 
киім және сәндік бұйым түсірдік. Негізінде, тақуалық киімі 
жақсы. Солар – Аллаһтың белгілері. Мүмкін түсінерсіңдер»
2

– деген. 
Ал Адам ата мен Хауа ана жаратылғаннан бері жалаңаш 
болмаған және жалаңаштықтың не екенін де білмеген. Өйткені 
Аллаһ тағала: «Жаннатта сен ашықпайсың және жалаңаш 
болмайсың»
3
, – деп айтқан. 
6. Біздің шариғатымызда жаратылған мақлұққа сәжде етуге 
тыйым салынған. Ал бұрынғы шариғаттарда құрмет сәждесіне 
рұқсат етілген. Бірақ бұл, әлбетте, ғибадат сәждесі емес, құрмет 
ретіндегі сәжде болатын. 
1
Хадисті Муслим жеткізген. 
2
«Ағраф» сүресі, 26-аят. 
3
«Таһа» сүресі, 118-аят. 


41


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет