Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


уақытта ол Ахқафтағы еліне ескерткен еді»



Pdf көрінісі
бет53/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

уақытта ол Ахқафтағы еліне ескерткен еді»
1
, – деп айтқан. 
Топан су басып, жер бетіндегі адамдар жойылғаннан кейін 
адамзат Нұхтың мекендеген жерінен екінші рет жан-жаққа тарала 
бастады. Нұх пайғамбар Шамның солтүстігі мен Түркияның 
оңтүстік аймақтарын мекендеген еді. Сол жерден адамдар 
Палестина, Шам елдеріне және Араб жарты аралына жайылды. 
Солардың ішінде ад тайпасы Араб жарты аралының оңтүстігіне 
жетті. 
Нұхтан кейін жер бетінде солар билік жүргізді. Тәпсіршілер 
оларды ақ түсті, бойлары ұзын және алып денелі болған деп 
сипаттайды. Аллаһ тағала бұл туралы Құранда: «Сендерді 
ескертуі үшін өздеріңнен болған бір кісі арқылы 
Раббыларыңнан ескерту келгеніне таңғаласыңдар ма? Оның 
сендерді Нұх қауымынан кейін орнын басушылар еткенін әрі 
жаратылыстарыңда ерекшелікпен артық еткенін естеріңе 
1
«Ахқаф» сүресі, 21-аят. 


64
 
 
алыңдар. Аллаһтың игіліктерін естеріңе алыңдар, сонда 
жетістікке жетерсіңдер»
1
, – деген. 
Олар араб болатын. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Заррға (Аллаһ 
оған разы болсын) пайғамбарлар мен елшілер туралы әңгімелей 
отырып:
«Олардың төртеуі араб: Һуд, Салих, Шуғайб және өзіңнің 
Пайғамбарың, ей, Әбу Зарр!», – деген
2

Исмаилдың алдында өмір сүрген арабтар – таза арабтар. 
Олардың ең танымал тайпалары: ад, самуд, журһум, умәйм, 
мәдиян, амлақ, қахтан және тағы басқалар еді. 
Ал арабтанған арабтар Исмаилдан кейін оның ұрпағынан 
тарады. Исмаил араб емес болатын. Оның әкесі Ибраһим Бабыл 
жерінен еді. Әкесі оны Меккеге тастаған соң, ол сонда өсіп
журһум арабтарымен араласа келе, олардың біріне айналды, тіпті 
олардың ең шешен тілділерінен саналды. Арабтардың және 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шешендік өнері сол кісіден қалған. 
Ад қауымы үй соғу өнерін өте шебер меңгерген-ді. Шатыр 
үйлер олардың ең сүйікті тұрағы болатын. Бірақ бұл шатырлар 
қарапайым тұрғызылмаған-ды, өте алып, биік боп келетін. Олар 
өздерінің осы шеберліктерін дамытып, оны мақтан тұтатын. 
Аллаһ тағала олар туралы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет