бе? Бізге Раббымыздың алдында шапағат етпейсің бе?» –
дейді»
1
, – деген.
Сондай-ақ Нұх өзіне жүктелген аманатты қауымына толық
жеткізген. Әбу Сағид ал-Худриден (Аллаһ оған разы болсын)
жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «(Қиямет күні) Нұх пен
қауымы келеді де, Аллаһ тағала (Нұхқа): «(Дінді, таухидті)
жеткіздің бе?» – дейді. (Нұх): «Иә, Раббым», – дейді. Аллаһ
тағала (оның қауымынан): «Сендерге (дінді, таухидті) жеткізді
ме?» – деп (сұрайды. Қауымы): «Жоқ! Бізге пайғамбар келген
емес», – дейді. Аллаһ тағала (Нұхтан): «Кім саған куәлік
береді?» – деп (сұрайды. Нұх): «Мұхаммед пен оның үмбеті», –
дейді. Сөйтіп, біз оның жеткізгендігіне куәлік береміз. Аллаһ
тағаланың «Осылай сендерді (артық-кемсіз) орташа бір үмбет
қылдық. Адамдарға куә болуларың, сондай-ақ пайғамбардың
сендерге куә болуы үшін»
2
дегені осы»
3
, – деген.
Барлық пайғамбарлар Нұх сияқты үмбетін пайда әкелетін
барша жақсылықтарға бұйырып, зиян келтіретін жамандық
атаулыдан қайтарған. Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі
екеуіне разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.)
сахабаларға дажжал
4
туралы әңгімелей отырып:
«Мен сендерді одан сақтандырамын. Барша пайғамбарлар
қауымдарын одан сақтандырған. Нұх та қауымын одан
сақтандырған»
5
, – деп айтқан.
Аллаһ тағала Құранда: «Расында, ол шүкір етуші пенде
еді»
6
, – деп сипаттаған.
1
Хадисті әл-Бұхари мен Муслим жеткізген.
2
«Бақара» сүресі, 143-аят.
3
Хадисті әл-Бұхари жеткізген.
4
Қиямет-қайымның бір белгісі ретінде Аллаһ жаратқан мақұлық.
5
Хадисті әл-Бұхари риуаят еткен.
6
«Нахл» сүресі, 3-аят.
|