Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет58/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
Ад 
тайпасының 
тас-талқаны 
шығарылды. 
Олардың 
бақтарынан, үйлерінен еш нәрсе қалмады. Тек тауда тұрғызылған 
сарайлары ғана қалды. Аллаһ тағала бұл туралы:
«Ад елінде де (ғибрат) бар. Сол уақытта оларға зиянды 
қатты дауыл жібердік. Ол тиген нәрсесін шіріген сүйектей 
етіп тастайды»
1

«Ад елі өтірікші санады. Сонда Менің азабым мен 
ескертуім қалай болды? Біз оларға кесірі тоқтамайтын күнде 
сұрапыл дауыл жібердік. Ол адамдарды опырылған құрма 
ағаштарының діңдеріндей жұлып әкетеді. Сонда Менің 
азабым мен ескертуім қалай болды?»
2
– деп айтқан. 
Боран оларды көтеріп алып, ұшырып, жерге соққан. Сонда 
олардың басы денесінен үзіліп түскен. Аллаһ тағала:
«Ад елі де ысқырған қатты дауылмен жоқ етілді. Аллаһ 
оларға ол боранды жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде 
соқтырды. Сонда ол елді құрманың қуыс дөңбегінше 
құлағанын көрер едің. Ал енді олардан бір қалған нәрсе 
көресің бе?»
3
– деп айтқан. 
Аллаһ тағала оларға нығметтердің, тіршілік қажеттіліктерінің 
барлығын – бау-бақшалар мен бұлақтар, мал-дүние мен бала-
шаға және күш-қуат берген еді. Алайда олар мұны бергенге 
шүкіршілік етудің орнына, қарсы шықты. Аллаһ тағала: 
«Сонда ад елі жер жүзінде орынсыз өздерін жоғары санап: 
«Бізден артық күшті кім бар?» – деген еді. Олар өздерін 
жаратқан Аллаһтың олардан көрі күштірек екендігін білмеді 
ме? Олар аяттарымызға қарсы келді»
4
, – деген. 
Аллаһ тағала бұл дауылдан Һудты құтқарды. Ол:
1
«Зәрият» сүресі, 41-42 аяттар. 
2
«Қамар» сүресі, 18-21 аяттар. 
3
«Хаққа» сүресі, 6-8 аяттар. 
4
«Фуссиләт» сүресі, 15-аят. 


70


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет