Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


әрі сендердің де Раббыларың Аллаһқа тәуекел еттім. Ол



Pdf көрінісі
бет57/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

әрі сендердің де Раббыларың Аллаһқа тәуекел еттім. Ол 
кекілінен ұстамаған ешбір жәндік жоқ. Күдіксіз Раббым тура 
жолда. Егер жалтарсаңдар да, мен шынында өзім арқылы 
жіберілген нұсқауды сендерге жалғастырдым. Раббым 
1
«Ағраф» сүресі, 66-аят. 
2
«Муминун» сүресі, 33-38 аяттар. 
3
Яғни мұны бұрынғылар да айтқан. 
4
«Шұғара» сүресі, 136-138 аяттар. 


68
 
 
орындарыңа басқа елді әкелсе, сендер оған ешбір зиян 
келтіре алмайсыңдар. Шынында, Раббым – әр нәрсені 
Қорғаушы»
1
, – деді. 
Ад қауымына келген азап 
Сосын Һуд Аллаһ тағалаға дұға қылып:
«Раббым! Мені өтірікші санағандықтары үшін маған 
жәрдем бер!» – деді»
2
.
Сонда Аллаһ тағала:
«Аз (уақыттан) кейін олар әлбетте өкінушілерге айналады», 
– деді»
3
.
Аллаһ тағала оларға қылмыстарына, мойындамауларына, 
қарсы шығуларына және осындай ұлы пайғамбарды мазақ 
еткендеріне жаза ретінде жел жіберді. Ондай жел бұрын-соңды 
болмаған-ды. Әуелі жаңбыр жаумай, құрғақшылық басталды. 
Ағаштар мен өсімдіктер қурай бастады. Олар жаңбыр күтті. Бір 
күні Аллаһ тағала оларды азаптауды қалаған мезгілде алыстан бір 
қара бұлт көзге шалынды. Мұны көрген олар жаңбыр келді деп 
қуанды.
«Сонда олар апатты алқаптарына қарай келе жатқан 
үлкен бұлт түрінде көрген кезде: «Мынау – бізге жаңбыр 
жаудыратын бұлт», – деді. Негізінде, ол өздерің тез болуын 
сұраған нәрсе – онымен бірге күйзелтуші азап бар жел еді. Ол 
Раббысының әмірімен барлық нәрсені жояды. Таңертең 
олардың мекендерінен басқа еш нәрсе көрінбей қалды. Біз 
күнәкар елге осылай жаза береміз»
4

1
«Һуд» сүресі, 54-57 аяттар. 
2
«Муминун» сүресі, 39-аят. 
3
«Муминун» сүресі, 40-аят. 
4
«Ахқаф» сүресі, 24-25 аяттар. 


69


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет