85
шақырғандарыңда ести ме? Немесе олар сендерге пайда не
зиян келтіре ала ма?» – деді. Олар: «Жоқ, ата-
бабаларымызды осылай істеген түрде таптық», – деді»
1
, – деп
айтқан.
Демек, олар пұтқа табынушылықты ата-бабаларынан мұра етіп
алған қауым еді.
Сонда Ибраһим: «Адам неге тәңірге сыйынады? Ол
Оған
мұқтаж болғанда тілеген дұғасын қабыл алып, қажетін өтеуі үшін
құлшылық жасайды, ақиқатты нұсқап,
тура жолға бағыттауы
үшін табынады. Сондай-ақ оған пайда беріп,
зиян-зарардан
қорғауы үшін ғибадат етеді. Ал мына пұттар естімейді, пайда да,
зиян да келтірмейді. Сендер оларға қалайша табынасыңдар?» –
деп түсіндіре бастады.
Бірақ соқыр еліктеушілік пен адамзат санасының бірдеңеге
қатып қалатын мешелдігі оларды осылай етіп қойған-ды.
Ибраһим
сонда да табандылық танытып, оларды ақиқатқа
шақыруын жалғастырды. Аллаһ тағала:
«Рас, бұрын Ибраһимге
туралық берген едік
2
және Біз оны білетінбіз»
3
, – деген.
Ол дағуатын өз әкесінен бастады. Бұл туралы Аллаһ тағала:
Достарыңызбен бөлісу: