Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет95/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

Ибраһимнің дүние салуы 
Исмаилдың анасы Ажар әкесі Ибраһимнен бұрын дүние 
салды. Ол Меккеде жерленген. Ибраһим оның қазасына қатты 
қайғырды. Кейін жүз жиырма жеті жасында Сарра дүние салды. 
Ибраһимге оның қазасы да ауыр тиді. 
Ал жүз жетпіс бес жасқа қараған шағында Ибраһим өзі 
фәнимен қош айтысты. Ұлдары Исмаил мен Исхақ әкелерін 
1
«Бақара» сүресі, 260-аят. 
2
«Бақара» сүресі, 260-аят. 


111
 
 
қазіргі кезде «әл-Халил» деп аталатын Хабрун деген жерге 
жерлеген. 
Ибраһимнің қадір-қасиеттері 
Ибраһимнің жоғары қадір-қасиеттері туралы Құран Кәрім мен 
хадистерде көп айтылған.
Оның ең ұлы қасиеттерінің бірі ол – Халил әр-Рахман 
(Рахманның досы).
«Аллаһ Ибраһимді дос тұтқан»
1
.
Хилла (достық), бұл – жүректің махаббатқа толуы. Ал достық 
махаббаттан жоғары тұрады. Ол Аллаһтың өте жақсы көрген 
пенделерінен еді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) көп жерде өзінен кейін елшілердің 
абзалы Ибраһим екендігіне ишара еткен. Пайғамбар (с.а.с.) 
Қиямет күні өзіне барша адамдардың, тіпті Ибраһимнің де 
қызығатынын айтқан. 
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жеткен 
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Адамдар (Қиямет күні) 
жалаң­аяқ, жалаңаш және сүндеттелмеген күйде жиналады. 
Сонда ең бірінші киіндірілетін – Ибраһим», – деген
2

Сонымен қатар ол Аллаһ тағаланың әмірлерін толық жүзеге 
асырған. «Сондай-ақ (әмірді) толық орындаған Ибраһим»
3

Ол пайғамбарлардың ең сабырлылары қатарындағы ұлы 
бестіктің ішіне кірді. «(Мұхаммед!) Біз пайғамбарлардан, 
сенен, Нұхтан, Ибраһимнен, Мұсадан және Мәриямның ұлы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет