112
Сондай-ақ Аллаһ тағала оны «өнеге» деп сипаттаған. Құранда
«Шынында, Ибраһим нағыз Аллаһқа бойсұнушы, ықыласты
бір өнеге еді. Мүшріктерден емес-ті. Оның (Аллаһтың)
нығметтеріне шүкір ететін. (Аллаһ)
оны таңдап, тура жолға
салды. Оған дүниеде жақсылық бердік. Сондай-ақ ол
Ақыретте де ізгілерден болады»
1
деген аяттар бар.
Ибраһим – өзінен кейінгі
келген пайғамбарлардың
барлығының атасы. Аллаһ тағала:
«Оған Исхақ пен Яғқубты бердік және оның ұрпағына
пайғамбарлық және кітап бердік. Сондай-ақ оған дүниеде
сыйын бердік және ол Ақыретте де ізгілерден болады»
2
, –
деген.
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Қиямет күні мүміндер жиналып:
«Раббымыздың алдында шапағатшы болатын біреуді іздесек»,
– деп Адамға келеді. (Адам шапағат
ете алмайтын себебін
айтып)
: «Өзім!... Өзім!... Менен басқа біреуге барыңдар! Нұхқа
барыңдар!» – дейді. Адамдар Нұхқа келгенде, (ол да)
: «Өзім!...
Өзім!...»(, – деп себебін айтады)
. Сосын адамдар Ибраһимге
келіп: «Ей, Ибраһим! Сен Аллаһтың досысың ғой. Аллаһтан
бізге есеп-қисапты бастауын сұра», – дейді. Сонда ол: «Жоқ,
мен Раббымнан қорқамын. Өйткені үш рет өтірік
3
айтқанмын», – дейді», – деген
4
.
1
«Нахл» сүресі, 120-122 аяттар.
2
«Анкабут» сүресі, 27-аят.
3
Олар: «Мен науқаспын», «Мұны олардың үлкені істеді» және «Ол –
менің қарындасым» деген сөздер. Бірақ ол бәрін де өз мүддесі емес,
Аллаһ үшін айтқан.
4
Хадисті әл-Бұхари мен Муслим жеткізген.