126
Бұйырылған жерге барыңдар. Расында, олардың соңы таң
ата жоғалады» деген бұйрықты білдірдік»
1
.
Аллаһ тағала:
«Сонда оны да, үй-ішін де, жойылатындардың ішіндегі
кемпірден басқасын түгел құтқардық»
2
;
«Тек Луттың отбасын таң ата құтқардық. Бізден бір
нығмет ретінде. Осылайша, шүкірлік еткендерге сый
көрсетеміз»
3
, – деген.
Сөйтіп, Лут Садумды тастап шықты. Онымен бірге екі қызы
ғана болды. Олар ауылдан қашық кеткеннен кейін, таң атып күн
шыққанда садумдықтарға Аллаһтың азабы келді. Аллаһ тағала:
«Расында, оларға таңертең ертемен бір азап келді. Ал енді
азабым мен ескертуімді татыңдар»
4
, – деп айтқан.
Әуелі Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) оларды бір ащы дауыспен
қарсы алып, сосын қанатының бір шетімен ол қалаларды аспанға
көтерді.
Көтерілгені соншалықты, аспандағы періштелер ол
қалалардағы тауықтар мен иттердің үндерін естіді делінген.
Сосын аспаннан оларға әрқайсысының
аты жазылған тастар
жауып, елдің асты-үстін ойрандады.
Достарыңызбен бөлісу: