147
да: «Мен сендерге оның жоруының хабарын беремін. Дереу
мені (абақтыға)
жіберіңдер», – деді».
Ол Юсуфқа барып:
«Ей, шыншыл Юсуф! Бізге жеті семіз
сиырды жеті арық сиырдың жеуін және жеті жасыл сабақ пен
қурағандары жайын жорып бер. Олардың да оны білулері
үшін адамдарға қайтып барайын», – дейді. Юсуф:
«Жеті жыл
әдеттегіше егін егесіңдер де, сонда орғандарыңды бастырмай
сабақтарында қойып, тек аздап жейтіндеріңді ғана
аласыңдар. Тағы бұдан кейін жеті қатты (ашаршылық жыл)
келеді. Сонда сақтағандарыңнан азырақ (алып қалып)
,
бұрыннан сол үшін жинағандарыңды жейсіңдер. Ал бұдан
кейін адамдар жаңбырға кенеліп, онда жемістердің суын
сығатын жыл келеді», – деді».
Юсуф түсті
жорып қана қоймай, онда аян етілген аштықтан
қалай құтылу жолын да үйретті.
Сөйтіп, шарап құюшы бұл хабарды патшаға жеткізді. Мұндай
жоруға дән риза болған патша:
«Оны маған алып келіңдер», –
деді.
Юсуфтың абақтыдан шығуы
Патшаның
елшісі Юсуфқа келіп, өзімен бірге қожайынының
алдына баратынын айтты. Бірақ Юсуф абақтыдан шығудан бас
тартты. Ол абақтыдан толықтай
ақталып қана шыққысы келген-
ді.
«Шабарман келген кезде (Юсуф)
: «Қожайыныңа қайтып
бар. Қолдарын тураған әйелдердің мақсаттары не екен?
(Соны)
сұра! Күдіксіз Раббым олардың қулықтарын толық
біледі», – деді».
Елші қайтып патшаға келіп, арада болған
әңгімені айтып берді. Сонда патша уәзірдің үйінде Юсуфты
көрген әйелдерді жинап:
«Юсуфтың көңілін ауламақшы
Достарыңызбен бөлісу: