Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет128/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
(Биняминді) бізбен жібер, (азық) өлшеп алайық. Біз, әлбетте, 
оны қорғаймыз», – деді. (Яғқуб): «Бұдан бұрын бауырына 
байланысты сендерге сенгенім сияқты бұған да сендерге 
сенейін бе? Дегенмен Аллаһ – толық Қорғаушы әрі Ол – 
мейірімділердің ең Мейірімдісі», – деді». Олар әкелеріне қанша 
жалынса да, разылық бермеді. «Жүктерін ашқанда өздеріне 
қайтарылған нәрселерін тапты да: «Уа, әкеміз! Не істейміз? 
Міне, нәрселеріміз өзімізге қайтарылыпты. Біз отбасымызды 
қамтамасыз етіп, бауырымызды қорғаймыз. Сондай-ақ тағы 
бір түйе (астық) өлшемін алуымызға болады. Негізінде, бұл 
өлшеп әкелгеніміз шамалы», – деді»
Аллаһ тағала Яғқубтың жүрегіне Биняминді туыстарымен 
жіберуді салды. Ол ойлана келе: «Бәрің қолға түссеңдер де 
міндетті түрде оны маған әкелулеріңе байланысты Аллаһпен 
серт бергендеріңе дейін оны сендермен бірге жібере 
алмаймын», – деді. Сөйтіп, олар әкелеріне серт берген кезде 
әкелері: «Аллаһ – айтқанымызға Уәкіл», – деді. (Яғқуб) 
ұлдарына: «Ей, ұлдарым! Қалаға бір қақпадан кірмей бөлек-
бөлек 
қақпалардан 
кіріңдер. 
Сендерге 
Аллаһтың 
(жазмышында) ешқандай да пайда бере алмаймын. Үкім 
Аллаһқа ғана тән. Оған тәуекел еттім. Сондай-ақ тәуекел 
етушілер Оған тәуекел етсін», – деді. Олар әкелерінің 
әмірімен кірген болса да, оларға Аллаһтың (жазмышында) 
ешқандай пайда бере алмайтын еді. Тек Яғқуб көңіліндегі бір 
қажетін атқарған болды. Өйткені ол біздің үйретуіміз себепті 
білім иесі еді. Алайда оны адамдардың көбі білмейді»
Оның он бір ержеткен ұлдары болды. Яғқуб оларға көз 
тиюінен немесе жұрттың күншілдік сезімінен қорқып, қала 
қақпаларынан бөлек-бөлек кіруге бұйырды. Өйткені, асылында, 
көз тию – дінімізде бар нәрсе.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Көз (тию) – ақиқат», – деген
1

1
Хадисті әл-Бұхари мен Муслим жеткізген. 


151


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет