бұрын ұрлық қылған болатын», – деді
1
. Сонда Юсуф (ашуын)
ішінде сақтап, оларға әшкерелемеді. (Іштей): «Сендер бұдан
жаман орындасыңдар. Аллаһ айтқандарыңды жақсы біледі»,
– деді».
Сонда олар жалынып: «Уа, уәзір! Мұның кәрі әкесі бар.
Сондықтан оның орнына бірімізді ал. Шын мәнінде, біз сені
игілік істеушілер ретінде көреміз», – деді. (Юсуф):
«Затымызды жанынан тапқан адамнан басқаны алып
қалудан Аллаһ сақтасын! Біз онда анық залымдардан
боламыз», – деді. Олар Юсуфтан күдер үзген кезде
оңашаланып кеңесті. Олардың үлкені: «Білмейсіңдер ме?
Расында, әкелерің сендерге байланысты Аллаһтың атымен
серт алған. Сондай-ақ бұрын да Юсуфқа қатысты зор
айыптысыңдар. Сондықтан әкем рұқсат бергенше немесе мен
үшін Аллаһ бір үкім шығарғанға дейін
2
осы жерден әсте
тапжылмаймын. Ол – үкім етушілердің ең Жақсысы. Сендер
әкелеріңе қайтыңдар да: «Уа, әкеміз! Шын мәнінде, ұлың
ұрлық қылды. Біз білгенімізге ғана айғақпыз. Сондай-ақ біз
ғайыпты білмейміз. Біз болған қала мен бізге кездескен
керуеннен сұра. Сөз жоқ, шын айтамыз», – деңдер, – деді».
Қалған тоғызы елдеріне қайтып, болған жағдайдан хабар
бергенде, әкелері Яғқуб:
«Олай емес. Сендерді нәпсілерің бір іске қызықтырған
екен. Енді маған көркем сабыр керек. Бәлкім, Аллаһ олардың
бәрін маған келтірер. Өйткені Ол – толық Білуші, хикмет
Иесі», – деді. Сөйтіп, олардан теріс айналып: «Оһ, қайран
Юсуф!» – деп күйіктен көздері ағарып, қасірет шегіп іштен
тынды. Олар әкелеріне: «Аллаһпен ант етеміз! Күйіктен
езіліп, опат болғанға дейін Юсуфты жоқтай бересің», – деді.
1
Юсуф бала кезінде нағашы атасы табынатын пұтты ұрлап, сындырған
болатын. Туыстары осыны меңзеп тұр.
2
Яғни өлгенге дейін.
153
Достарыңызбен бөлісу: |