Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет130/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
бұрын ұрлық қылған болатын», – деді
1
. Сонда Юсуф (ашуын) 
ішінде сақтап, оларға әшкерелемеді. (Іштей): «Сендер бұдан 
жаман орындасыңдар. Аллаһ айтқандарыңды жақсы біледі», 
– деді».
Сонда олар жалынып: «Уа, уәзір! Мұның кәрі әкесі бар. 
Сондықтан оның орнына бірімізді ал. Шын мәнінде, біз сені 
игілік істеушілер ретінде көреміз», – деді. (Юсуф)
«Затымызды жанынан тапқан адамнан басқаны алып 
қалудан Аллаһ сақтасын! Біз онда анық залымдардан 
боламыз», – деді. Олар Юсуфтан күдер үзген кезде 
оңашаланып кеңесті. Олардың үлкені: «Білмейсіңдер ме? 
Расында, әкелерің сендерге байланысты Аллаһтың атымен 
серт алған. Сондай-ақ бұрын да Юсуфқа қатысты зор 
айыптысыңдар. Сондықтан әкем рұқсат бергенше немесе мен 
үшін Аллаһ бір үкім шығарғанға дейін
2
осы жерден әсте 
тапжылмаймын. Ол – үкім етушілердің ең Жақсысы. Сендер 
әкелеріңе қайтыңдар да: «Уа, әкеміз! Шын мәнінде, ұлың 
ұрлық қылды. Біз білгенімізге ғана айғақпыз. Сондай-ақ біз 
ғайыпты білмейміз. Біз болған қала мен бізге кездескен 
керуеннен сұра. Сөз жоқ, шын айтамыз», – деңдер, – деді».
Қалған тоғызы елдеріне қайтып, болған жағдайдан хабар 
бергенде, әкелері Яғқуб:
«Олай емес. Сендерді нәпсілерің бір іске қызықтырған 
екен. Енді маған көркем сабыр керек. Бәлкім, Аллаһ олардың 
бәрін маған келтірер. Өйткені Ол – толық Білуші, хикмет 
Иесі», – деді. Сөйтіп, олардан теріс айналып: «Оһ, қайран 
Юсуф!» – деп күйіктен көздері ағарып, қасірет шегіп іштен 
тынды. Олар әкелеріне: «Аллаһпен ант етеміз! Күйіктен 
езіліп, опат болғанға дейін Юсуфты жоқтай бересің», – деді. 
1
Юсуф бала кезінде нағашы атасы табынатын пұтты ұрлап, сындырған 
болатын. Туыстары осыны меңзеп тұр. 
2
Яғни өлгенге дейін. 


153


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет