«Мұса уәделі мерзімімізде келіп, Раббы онымен тілдескен кезде: «Раббым, маған өзіңді көрсет, Сені көрейін», – деді.
Дидарын көрсетуді өтінген Мұсаға Аллаһ тағала:
«Мені әсте көре алмайсың, бірақ тауға қара, егер ол орнында тұра алса, сен де Мені көресің», – деді.
Аллаһ қарауға бұйырған тау Тұр емес, басқа тау еді. Мұса
тауға көз салып тұрды. «Сонда Раббы тауға көрініс берген сәтте, оны быт-шыт қылды».
Сол сәтте Аллаһ тағаланың нұрынан тау шашылып, күл-парша
болып, топыраққа айналып кетті. Көз алдында кенеттен болып
өткен бұл таңғажайып көріністен бойын үрей билеп, қорыққан
«Мұса талып түсті. Есі кіре сала: «Сен Пәксің, Саған тәубе қылдым әрі мен – иман келтіргендердің алғашқысымын», – деді» 1 .
Аллаһ тағаланы көздер көре алмайды. Исра және Миғраж
хадисінде келгеніндей, бірде Айша (Аллаһ оған разы болсын)
Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Раббыңды Миғражда көрдің бе?» –
деп сұрағанда: «Нұр ғой, қайдан көрейін», – деп жауап берген
2
.
Яғни Пайғамбарымыз (с.а.с.) да Аллаһты көрмеген.
Сондай-ақ тағы бір хадисте, Аллаһтың пердесі нұр делінсе, бір
риуаяттарда от делінеді. Егер ол перде алынса, алдындағыны
өртеп жібереді
3
.
Мұнан соң Аллаһ тағала:
«Ей, Мұса! Шынында, сені адамдардан елшілікке және сөйлесуге таңдап алдым. Ендеше, саған бергендерімді ал да, шүкіршілік етушілерден бол!» – деді.
Аллаһ тағала Мұсаға Тәуратты тас тақтайшаларға (жазық
тастарға) жазылған күйде түсірді.
1
«Ағраф» сүресі, 143-аят.
2
Хадисті Муслим, әт-Тирмизи және Ахмад жеткізген.
3
Мұны әл-Бұхари мен Муслим риуаят еткен.