Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет174/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
Аллаһ тағала кейінгі ұрпаққа сабақ болу үшін перғауынның 
денесін ақыретке дейін сақтайтындығын айтқан. Расында да, 
оның денесі Оксфорд университетіндегі мұражайда әлі күнге 
дейін сақтаулы тұр. 
Перғауынның суға батқан күні Ашура күні деп аталады. Ибн 
Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.) 
Мәдинаға келгенде, яһудилер Ашура күні ораза ұстайтын еді. 
Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Мына ораза ұстайтын күндерің 
не?» – деп сұрады. «Бұл – Мұса Перғауынға үстем болған күн», – 
деді. Пайғамбар (с.а.с.) сахабаларына: «Олардан (яһудилерден) 
гөрі Мұсаға сендер құқылысыңдар, ораза ұстаңдар!» – деді», – 
деген
1

1
Хадисті әл-Бұхари мен Муслим жеткізген. 


203
 
 
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ 
Исраилдіктердің Мұсаға құдай жасап бер деп өтінуі 
Исраилдіктер Мысырдан кеткеннен кейінгі оқиғалар Сина мен 
Палестина 
аралығындағы 
мекенде 
өрбиді. 
Жоғарыда 
айтылғандай, Исраил ұрпақтары үлкен тауқыметті бастарынан 
өткере жүріп, Аллаһтың рақымшылығымен мысырлықтардан 
құтылды. Аллаһ тағала бұл жайлы Құранда:
«Сендерді перғауынның сыбайластарынан құтқардық. 
Олар сендерді ауыр азапта ұстап, ұлдарыңды бауыздап, 
әйелдеріңді тірі қоятын еді. Міне, мұнда сендерге 
Раббыларыңнан зор сынау бар»
1
, – деген. 
Алайда олар Мысырдан шыққан соң, көптеген ұлы 
мұғжизалардың куәгерлері ретінде Аллаһқа деген сенімдерінің 
артуының орнына, иман мәселесінде ауытқуларға ұрына бастады. 
Олар Шам сапарында жолай пұт-мүсіндерге табынатын бір 
қауымның қасынан өткен-ді. Исраилдіктер бұл пұт-мүсіндерге не 
үшін табынатындықтарын сұрағанда, оған табынушылар «бұлар 
пайда келтіреді, қысылтаяң кездерде олардан шапағат сұраймыз» 
деген секілді әңгімелер айтты. Сонда кейбір тар ойлайтын 
исраилдіктер бұған сеніп қалып, Мұсаға бізге сондай тәңірлер 
жасап бер деп өтініш жасайды. Исраилдіктердің бұл 
надандықтары мен Мұсаның оларға қайтарған жауабын Аллаһ 
тағала:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет