пенделерімнің бірі сенен де білімді», – деп уахи етті. (Мұса): «Уа, Раббым! Оны қалай табамын?» – деп сұрады. Сонда оған: «Себетке балық салып ал, балықты қай жерде жоғалтсаң ол сол жерде», – деген жауап қайтарылды...», – деп айтқанын
риуаят еткен
1
.
Сонымен, Мұса жолға шығып, жанына қызметкер ретінде
Юшағ ибн Нун деп аталатын бір жас баланы серік етіп ертіп
алады. Бұл бала кейіннен пайғамбар болып, Мұса мен Һарун
дүниеден өткеннен кейін Исраил қауымын басқарған. «Сол уақытта Мұса қызметкеріне: «Екі теңіздің қосылған жеріне жеткенге дейін тоқтамаймын немесе жаяу жүріспен жылдар өткіземін», – деді. Екеуі екі (теңіздің) құйғанына жеткен кезде, балықтарын ұмытты. Сонда (балық) ыршып түсіп, теңізден жол алды».
Оларда өздерімен бірге алып шыққан қуырылған балық болды.
Ал екі теңіздің құйған жері деген – Қызыл теңіздің қос қапталы
болатын. Аталмыш мекенге жеткенде, Мұса ұйқыға кетті де,
Юшағ ояу отырды. Сол кезде әлгі қуырылған балық тіріліп,
себеттен секіріп, теңізге түсіп жүзіп кетеді. Юшағ бұл жайтты
тамашалап отырды. Бірақ Мұса оянғаннан кейін болған жайтты
оған айтуды ұмытып кетеді. Сапарларын одан әрі жалғастырып,
«екеуі ілгерілеп барған кезде, Мұса қызметкеріне: «Азығымызды әкелші. Расында, бұл сапарымызда шаршадық», – деді. (Юшағ): «Көрдің бе? Таста демалғанда балықты ұмытқан екенмін. Маған оны айтуды шайтан ұмыттырды. Ол таңғажайып түрде теңізден жол алды», – деді. (Мұса): «Міне, іздегеніміз – осы», – деп екеуі ізінше кері қайтты. Сонда екеуі Өз тарабымыздан мейірімге бөлеп, Өз қасымыздан білім үйреткен пенделеріміздің бірін тапты».
Екеуі
осылай артқа
қайтып,
Қыдырды
кездестірді.
Ғұламалардың көпшілігі бұл кісіні пайғамбар болған дейді.
1
Хадисті әл-Бұхари жеткізген.