қонақ қылмайды. Екеуі үйлеріне түсуге сұранса да,
қабылдамайды. Сонда олар ауыл сыртына шығады. Қараса, бір
дуал қаңырап, құлайын деп тұр екен. Қыдыр барып ол дуалды
түзетіп қояды. Мұса оның қонақ күтуге жарамаған ауыл
адамдарының құлайын деп тұрған дуалын еш ақысыз жөндеп
бергеніне таңырқап қалады. Аллаһ тағала:
«Сонда екеуі тағы жүріп, бір ауыл халқына барып,
тұрғындарынан тамақ сұрады. Олар екеуін қонақ қылудан
бас тартты. Сонда екеуі ол жердегі жығылғалы тұрған
дуалды көріп, (Қыдыр) оны жөндеді. (Мұса): «Егер қаласаң,
бұған ақы алар едің», – деді. (Қыдыр): «Міне, осы, мені мен
сен екеуміздің арамыздың айырылуы. Ал енді саған сабыр
ете алмаған нәрселеріңнің сырын айтайын. Кеме теңізде
кәсіп істейтін кембағалдардікі еді. Оны ақаулы еткім келді.
Өйткені арт жақтарында әрбір (жарамды) кемені тартып
алатын патша бар еді. Ал баланың мүмін әке-шешесі бар
болатын. Оның әке-шешесін бас тарттыруға, қарсылыққа
мәжбүрлеуінен қорықтық. Раббылары оларға оның орнына
одан да таза әрі мейірімді бір бала беруін қаладық. Ал енді
дуал, бұл қаладағы екі жетім баланікі болып, оның астында
екеуіне тиесілі қазына бар еді. Сондай-ақ әке-шешелері түзу
кісі болғандықтан, Раббың оларға қазыналарын шығарып
алуын қалады. Бұл Раббыңнан бір мейірім еді. Сондай-ақ
мұны мен өздігімнен істемедім. Міне, осы – сенің сабыр ете
алмаған істерің», – деді», – деп айтқан.
Ибн Аббастың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын)
тәпсірлеуінше, Қыдыр кемені тескен кезде бір патша жолында
кездескен барлық кемелерді тартып алып келе жатқан болатын.
Тесілген кемені көрген патша оны керек қылмастан алмай кетеді.
Ал Қыдыр өлтірген балаға келсек, Аллаһ тағала бұл баланың
ержеткенде залым, кәпір, ата-анасын жәбірлейтін адам
болатындығын біліп, оны өлтіруге әмір етті. Сөйтіп, бұл баланың
орнына мүмін әке-шешесіне ізгі бір бала сыйлады. Енді оның
223
Достарыңызбен бөлісу: |