Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Оның патшалығын күшейтіп, оған даналық, сондай-ақ



Pdf көрінісі
бет213/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

«Оның патшалығын күшейтіп, оған даналық, сондай-ақ 
төрелік айту қабілетін бердік»
1
, – дейді. 
Дәуіттің қазылығы 
Дәуіт мемлекеттің қазылық істерін де өзі басқарды. Ол бұл 
міндетін туралықпен жүргізе әділ үкім шығарып, кесімді төрелік 
айтатын. Бұл үкімдердің бірі Құранда: 
«Саған бөлменің қорғанынан асып түскен даугерлердің 
хабары келді ме? Олар оның алдына кірген кезде, ол олардан 
қорқып қалды. Олар: «Қорықпа! (Біз) біреуіміз біреуімізге 
әділетсіздік еткен екі даугерміз. Біздің арамызға ақиқатпен 
үкім ет және әділетсіздік жасама. Әрі бізге жолдың турасын 
көрсет. Мынау – менің бауырым. Оның тоқсан тоғыз саулық 
қойы бар, ал менің бір ғана саулығым бар. Ол (маған): «Оны 
менің қарауыма бер», – деді және (енді) мені сөзде жеңіп 
шықты», – деді. (Дәуіт): «Ол саған саулығыңды өзінің 
саулықтарына (қосып алуды) сұраумен әділетсіздік етіпті. 
Негізінде, серіктестердің көбісі біріне бірі әділетсіздік 
жасайды. Бірақ иман келтірген және ізгі амал істегендер 
басқа. Алайда ондайлар аз», – деді. Сонан соң Дәуіт Біздің өзін 
сынағанымызға көзі жетіп, дереу Раббысынан кешірім тіледі, 
иіле жығылды және тәубеге келді. Сонда оның мұнысын 
кешірдік. Әрі ол үшін Біздің алдымызда жақындық және 
қайтатын жердің көркемі бар. Ей, Дәуіт! Ақиқатында, Біз 
сені жер бетінде орын басушы еттік. Ендеше адамдардың 
арасына ақиқатпен үкім айт және көңіл ауғанға ерме. 
Әйтпесе ол сені Аллаһтың жолынан адастырады. Ал 
1
«Сад» сүресі, 20-аят. 


247
 
 
Аллаһтың жолынан адасқандарға Есеп күнін ұмытқандары 
үшін қатты азап бар»
1
, – деп баяндалған. 
Кейбір тарих кітаптарында Дәуіттің тоқсан тоғыз әйелі 
болғаны айтылған. «Бір күні ол бір қолбасшысының әйелін көріп, 
ғашық боп қалады да, соған үйленгісі келеді. Бұл ойын жүзеге 
асырмақ болған Дәуіт әлгі қолбасшысынан құтылу ниетімен оны 
небір қатерлі, қауіпті жорықтарға жібереді. Бірақ қолбасшысы 
қандай жерге жұмсаса да, аман-есен орала береді. Ақыры Дәуіт 
оны өлтіріп, әйеліне үйленген» деген негізсіз жалған деректер 
келтіріледі. Тіпті бұл деректер кейбір тәпсір кітаптарына да еніп 
кеткен. Дұрысы: Аятта тоқсан тоғыз әйел емес, тоқсан тоғыз қой 
деп анық айтылған. Ал араб тілінде әйел ешқашан қойға теңелген 
емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет