Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет212/254
Дата19.03.2024
өлшемі1.53 Mb.
#496131
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   254
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
бірге қайталап тәсбих айтқан. Адамдардың барлығы осы 
кереметтің куәсі болған. Бұл ұлы мұғжиза туралы Аллаһ тағала:
«Расында, Дәуітке өз жанымыздан игілік бердік. «Ей, 
таулар, құстар! Онымен бірге үн қосыңдар», – (дедік)»
1
;
«Дәуітке Аллаһты дәріптейтін тауларды, құстарды 
бағындырдық. Біз осылай жасадық»
2
;
«Біз (Дәуітке) тауларды кешкі уақытта және таңертең 
онымен бірге тәсбих айтатын етіп бағындырып қойдық және 
жиналған құстарды да. Барлығы Оған бойсұнуға қайтатын»
3

– деген. 
Сондай-ақ Дәуіттің мұғжизаларының бірі – Аллаһ тағала оған 
темірді жұмсартты. Жұрт саз-балшықпен қалай жұмыс істесе
Дәуіт темірмен солай жұмыс істеп, бұрын-соңды кездеспеген 
сауыт түрін жасаған. Алдыңғы сауыттар темірден тұтастай 
құйылғандықтан өте ауыр-тұғын. Ал Дәуіт темірден кішкене 
теңгеше шеңбершелер жасап, оны бір-біріне жалғау арқылы 
ыңғайлы әрі жеңіл сауыттар соқты. Бұл сауыттар жайлы Аллаһ 
тағала бір аятта:
«(Дәуіт) үшін темірді жұмсақ етіп қойдық және (оған): «Кең 
сауыттар жаса, оны тоқығанда өлшеп-піш», – (дедік)»
4
, – десе, 
басқа бір аятта:
«(Дәуітке) өздеріңді соғыстан қорғау үшін сауыт жасау 
өнерін үйреткен едік. Сонда шүкір етесіңдер ме?»
5
– деген. 
Дәуіттің бұл мұғжизасы адамзат тарихындағы темір 
өнеркәсібінің дамуына алғышарт болды. 
1
«Сәбә» сүресі, 10-аят. 
2
«Әнбия» сүресі, 79-аят. 
3
«Сад» сүресі, 19-аят. 
4
«Сәбә» сүресі, 10-11 аяттар. 
5
«Әнбия» сүресі, 80-аят. 


246
 
 
Осылай Дәуіт ұзақ уақыт бытыраңқы күй кешкен 
исраилдіктердің басын қосып, қуатты мемлекет орнатуға қол 
жеткізді. Аллаһ тағала:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   254




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет