болсаңдар, шын мәнінде Аллаһтың (белгілеген) мерзімі келсе,
ол кешіктірілмейді»
1
, – деді.
Нұх дағуат жасап күні-түні олардың үйлеріне, жиындарына
барды. Олармен ашық және құпия түрде кездесіп, жалпылай және
жеке-жеке сөйлесті. Нұх оларды тоғыз жүз елу жыл бойы
Аллаһтың жолына шақырды. Ол Раббысына:
«Раббым! Расында, мен елімді күндіз-түні шақырдым.
(Бірақ) шақыруым олардың қашуын ғана арттырды. Мен
оларды Сенің кешіруің үшін шақырған сайын, олар
саусақтарын құлақтарына тығып, киімдерін бүркенген бойда
қасарысып, паңданған сайын паңданды. Сосын мен оларды
дауыстап шақырдым. Одан кейін мен оларға жария қылып
және құпия түрде жасырын да айттым. (Сондай-ақ оларға):
«Раббыларыңнан кешірім тілеңдер. Өйткені Ол – аса
Кешірімді. Ол сендерге аспаннан мол жаңбыр жібереді.
Сендерді мал-мүліктермен және перзенттермен қолдайды.
Сендер үшін бау-бақшалар әрі сендер үшін өзендер жасайды.
Аллаһтың ұлылығына үміт етпейтіндей сендерге не болды?
Ақиқатында, Ол сендерді түрлі даму кезеңдерімен жаратты.
Аллаһтың жеті аспанды қалай қабат-қабат етіп жаратқанын
көрмедіңдер ме? Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді
шырақ қылды. Аллаһ сендерді жерден өсіріп шығарды.
Сосын сендерді ол жерге қайтарады да, сонан кейін қайта
шығарады. Аллаһ сендерге жерді оның кең жолдарында
жүрулерің үшін төсеніш қылды», – дедім»
2
, – деп үн қатты.
Сол уақытта Нұхтың қауымын бір кәпір патша билейтін. Ол өз
халқына оған құлақ салмауды және пұттарға табына беруді
бұйырды. Нұхпен жолығуға тыйым салды. Адамдар патшаға еріп,
Нұхтан теріс айналды. Сонда ол:
1
«Нұх» сүресі, 2-4 аяттар.
2
«Нұх» сүресі, 5-20 аяттар.
|