Палеолит(б з. б 2млн 600мың-б з. б 12мың жылд)



бет3/3
Дата08.09.2023
өлшемі88.73 Kb.
#476950
1   2   3
4 slsytmuste madeniyet

Шығыс Қазақстанның Шульбинка маңынан археологтар тұрақтың орнын тапқан. Онымен көршілес аймақтарда мустье дәуіріне жататын тұрақтар кездеседі. Ғалымдар оны: "мустьеліктердің шеберханалары, тұрақтары" дейді. Бұл — мустье дәуірі адамдарының бір орыннан екінші орынға жылжып кезе бермей, ұзақ уақыт бойы бір жерде қоныстанып отырғандығын көрсетеді. Қазақстан жерінде соңғы палеолит ескерткіштері тым аз кездеседі. Ғалымдар Бұл жағдайды соңғы палеолит кезіндегі құрғақшылықтың күшейіп, су азайып, яғни табиғи жағдайдың адам өмір сүруі үшін өте қолайсыз болуымен байланыстырады. Мустье заманынан бері адамдар мекендеген, кейіннен Ш.Уәлихановтың құрметіне аталған тұрақтан жоғары палеолит адамдары тіршілігінің ізі табылған. Бұл тұрақ Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойында. Тұрақтың ең бірінші қабатын зерттеушілер соңғы палеолитке жатқызады. Бұл қабаттан тұрпайылау жасалған ірі қырғыштармен қатар жүзі жартылай шеңбер етіп шебер өңделген қырғыштар кездеседі. » . Соңғы палеолиттің тағы бір белгілі ескерткіші — Орталық Қазақстан жеріндегі Семізбұғы тұрағы. Бұл жерде ең көп кездесетін құралдар — қырғыштар, одан кейін жүзі түзу, кейде қайқы тастар.

Мустье заманының қызықты ескерткіштерінің бірі халцедоннан құралдар жасайтын ежелгі шеберханалар болып табылады. Үшбұлақ қойнауынан шығысқа қарай 3 км жердегі Бестөбе (Үштөбе) ұсақ шоқысының кейбір жерлерінде бозғылт және қызғылт сұр халцедон жердің бетіне шығып жатыр. Шоқылардың үстінде талай рет омырылған ізі бар халцедонның үлкенді-кішілі кесектері жиі кездеседі; олар¬дын қасында өңделіп, өзектасқа айналдырылған ұсақ кесектер, сондай-ақ көптеген жалпақ, үш бұрышты және ұзынша тас тіліктері бар. Шоқылардың кей жерлерінде тас қашау өндірісінің қалдықтары өте көп кездеседі. Қаратаудың солтүстік-шығыс беткейіндегі халцедон кендері мустье дәуірінен жаңа тас дәуіріне дейін талай мың жылдар бойына тас дайындайтын тұрақты орындар болғандығы анық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет