20
Бұл аппаратура негізгі үш бөліктен тұрады. Редукторлы баллон, керн
ұстағыш, газ шығынын өлшегіш.
949-73 МЕСТ бойынша А-150 түрлі стандартты жоғары қысымды
баллондарды азотпен немесе ауамен қолдануға болады. Газ қысымын
реттеуге газ редукторы қолданылады.
Керн ұстағыш струбцинды корпустан және резина манжеттен тұрады.
Керн ұстағыштың корпусы жиналмалы және үлгі тасты орнататын ортаңғы
бөліктен, корпусты төменнен және жоғарыдан саңылаусыздандыратын екі
қақпақтан тұрады. Резиналы манжет корпустың ортаңғы бөлігіне орнатылған
және тау жыныстарын жанынан саңылаусыздандыруға арналған. Газ
шығынын өлшеуге әйнектен жасалған қырлы түтік қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: