Казбекова Г. К., Ескалина К. Т., Набока О. М



Pdf көрінісі
бет2/21
Дата03.01.2022
өлшемі491.96 Kb.
#450693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Қабат физикасы. лабораторлық сабақ

Зертханалық жұмыс №1 

Керн үлгілерін тазалау. Тау жыныстарын зерттеуге дайындау 

 

Сабақтың  мақсаты:  Тау  жыныстарының  құрамын,  физикалық-

химиялық көрсеткіштерін анықтау.  



Теориялық  мәлімет:  Жыныстар  үлгісі  ашылған  ұңғылар  тілмесінің 

көрсеткіштерін  сипаттайтын  нақты  материал  болып  табылады  және  тау 

жыныстарының  меншікті  жасын,  заттық  құрамын,  петрографиялық, 

физикалық,  физикалық-химиялық  көрсеткіштерін  геологиялық  барлаудың 

барлық  кезеңдерінде және мұнай өндіру процесінде қолданылады. 

Жыныстар үлгісін алуды жоспарлау өндірістің геологиялық қызметтері 

арқылы  жүргізіледі.  Үлгі  тас  алу  бұрғылау  бригадасының  көмегімен 

ұңғыларды бұрғылаудың геологиялық-техникалық нарядпен сәйкес тәртіппен 

алынады.  Үлгі  тасты  алу  жағдайы  мен  сапасын  бақылау  және  қадағалау 

өндірістік технологиялық және геологиялық қызметкерлерімен жүргізіледі. 

Алынған үлгі тасты дайындау оны жинақтаудан басталады. Үлгі тасты 

жинақтау  оларды  маркировкалау,  саңылаусыздандыруды  және  оларды 

жәшіктерге  салу  процестерін  қамтиды.  Үлгі  тастар  саңылаулы  немесе 

саңылаусыз түрде жиналуы мүмкін. 

Үлгі  тастарды  алуда  жыныстардың  мұнаймен  қанығуын  тіке  әдіспен 

анықтауда 

қалдық 

флюидтерді 

сақтау 

мақсатымен 

үлгі 

тас 


саңылаусыздандырылады. 

Тәжірибеде 

саңылаусыздандырудың 

жәй 


қарапайым түрі парафиндеу әдісі қолданылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет