1.1- сурет. Сокслет аппараты
Бұл процесс, онда конденсацияланады және бұл кезде пайда болған
сұйықтық экстракторда орналасқан жынысты жуады. Экстрактордағы
сұйықтық сифонның иілмелі жеріне жеткен кезде ол колбаға ағады. Бұл
еріткіштің шектелген мөлшерін жұмсай отыра, заттың таза еріткішпен
өңделуіне байланысты шектелмеген мөлшерде заттардың бөлінуіне мүмкіндік
береді.
Егер бөлінген зат боялған болса, онда экстрактордағы еріткіште
боялған болады. Бұндай жағдайда экстрагирлену процесі, яғни заттардың
бөлінуі экстрактордағы сұйықтық түссізденгенше жүреді.
Егер затта түссіз болса, онда экстракциялану процесінің жалғасу
уақыты сынаманың анализі бойынша анықталады. Ол үшін мұздатқыш
арқылы экстракторға жіңішке ұзын әйнек таяқшаны батырады, экстрактордан
екі-үш тамшы алып, әйнекке тамызып, буландырады. Егер әйнекте із қалмаса,
экстрагирлену процесі тоқталады. Аппаратты бұзған кезде, ең алдымен
қыздыруды тоқтатады, приборды суытады, суды жауып, мұздатқышты аса
сақтықпен шешеді. Сұйықтық экстрактордан ағып болған кезде, оны ағытады.
Экстрагирленген үлгі тастарды экстрактордан шығарып, кептіру шкафына
салып, 12 сағатқа жуық 102-105 ºС температурада кептіреді. Кептірілген
және салқындатылған үлгілер одан ары зерттеуге дайын болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |