2.3.Ағылшын прессасының атаулары............................................................36-41
IV.Қорытынды................................................................................
4
КІРІСПЕ
Өткен ғасырдың соңғы он жылдығынан бастап пресса дамуының жаңа бір
кезеңі басталды деуге болады. Қоғамда болып жатқан қоғамдық-саяси ірі-ірі
өзгерістердің бәрі прессада көрініс тауып, баспасөз лексикасы көптеген жаңа
қолданыс, соны сөздермен толыға түсті.
«Баспасөз тілі - жазба тіл. Қай дәуірде болсын, баспасөз өзі қызмет етіп
отьфған халықтың тілін пайдаланып қана қоймайды, оның байып, дамып
отьфуына әсер-ықпалын тигізіп те отырады» [1, 8], - деп ғалым С.Исаев
айтқандай, әдеби тілдің дамуы тіл білімінің үлкен саласы - фразеологияның
прессадағы қолданысы түрғысынан қарастырылады. Өйткені пресса қандай
да бір кезеңдегі тіл дамуының басты көрсеткіші бола алады.
Тіл - үнемі өзгеріп, дамып, толығып отыратын қоғамдық құбылыс.
Қоғамда болып жатқан өзгеріс, жаңалықтардың бәрі тіл арқылы таңбаланып
өмірге еніп жатады. Өмірге келіп жатқан жаңа тілдік қолданыстардың
айналымға еніп, қалыптасып тұрақталуында прессаның атқаратын қызметі
ерекше.
Қоғамдық-саяси, рухани-мәдени салаларындағы өзгерістер мен тасқындап
еніп жатқан ақпараттар ағыны арқылы пресса лексикасы толыға түссе,
керісінше сол жаңа қолданыстар мен сөздерді қалыптастыруда, тың
ақпараттарды оқырманға жеткізуде прессаның да қызметі қазіргі кезде арта
түсті. Сондықтан да әдеби тілдің дамуын қоғамдық өмірдің айнасы болып
табылатын пресса, баспасөз тілі тұрғысынан зерттеу жұмыстың өзектілігін
көрсетеді.