Ағылшын тіліндегі прессаның семантикалық топтары және
олардың жасалу жолдары
Қоғамдық-саяси маңызы бар үлкен үдерісте прессаның да алатын өзіндік
орны бар. Пресса тілдің өмір сүруінің, қызмет етуінің бір көрінісі — ақпарат
көзі ғана емес, сонымен қатар тілді дұрыс сөйлеу мен жазу мәдениетін
қалыптастыру құралы да.
Прессаның ғылым мен техника және өнеркәсіп саласындағы арнаулы
сөздерді қалыптастырудағы рөлі, әсіресе осы соңғы онжылдықта арта түсті.
Қоғамда орын алған өзгерістер прессаға оның терминдерді қалыптастыру
ісінде қозғау салса, жалпы шетел баспасөзінің осы қозғалыстағы атқарған
қызметін зерттеу жэне оған баға беру біздің алдымызға осы міндеттін
орындалуын ағылшын тіліндегі бірнеше жетекші басылымдар негізінде ашып
көрсету мәселесін қойды.
Соңғы уақытта қоғам өмірінің барлық саласында қалыптасқан
стереотиптер бұзылып, көптеген өзгерістер орын алғаны мәлім. Осындай
өзгерістер жаналық жаршысы болып табылатын бұқаралық ақпарат
құралдарында ерекше көрініс тапты. Мұның өзі жалпы ақпараттық кеңістікте
кептеген тың ізденістер мен шығармашылық тәсілдердін алуан тұрде
қалыптасуына жол ашты. БАҚ (бұқаралық ақпарат кұралдары) түрлерінін
көбеюі арқасында ақпараттық кеңістіктегі бәсекенің күшеюі бір себеп болса,
бұқаралық сананың жана деңгейге көтерілуі, бұрынғы ұсынылған нәрсені
17
оқып, бас шұлғуға мәжбүр болған тізгіндеулі күйден еткен аудиторияның
БАҚ-қа қойылатын талабының арта түсуі, жалпы оқырман, тыңдарман,
көрерменнің кабылдаушы ретіндегі талғамының да өзгеруі екінші себеп
болды.
Қоғам өмірінің айнасы болып табылатын БАҚ ондағы саяси, әлеуметтік,
экономикалық, мәдени, спорт, өнер, кино, денсаулық сақтау және білім беру
салаларындағы барлық қордаланған проблемаларды жұртшылық назарына
ұсынатын да, қандай да бір ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді
көпшілікке таныстырып жеткізетін де әмбебап құрал болғандыктан,
журналистер кауьімын ғаламның ақпараттық бейнесін жасаушылар деп
тануға негіз бар. Осы топтың жинау, талдау, саралау, іріктеу сияқты
сатылардан өткізіп барып көпшілікке ұсынатын түпкі өнімін медиа-мәтін деп
атауға болады. Себебі БАҚ арқылы таралатын аудиалды (есту арқылы) және
визуалды (көру аркылы) түрде қабылданатын хабарламалардың бәрі біріге
келіп вербалды және медиалық белгілердің жиынтығы ретінде медиа-мәтін
ұғымын құрайды. БАҚ тілі зерттеушілік нысанаға алынғанда, лингвистика
ғылымының ұғымы болып саналатын мәтіннің бұқаралық коммуникациядағы
қызметіне сәйкес мерзімді прессаның өзіндік ерекшілігі жан-жақты
ашылады. Біріншіден, бір хабарда ғана айтылып немесе көрсетіліп ететін
радио-теле мәтіндермен салыстырғанда, пресса мәтіні қашанда оқырманның
қолында болады, оған бірнеше рет қайта айналып соғуға мүмкіндігі бар. Бұл
— пресса жазба мәтіннің бір артықшылығы. Екіншіден, қандай проблема
болмасын, радио, телевизиядан гөрі прессада проблемалық мақалалар
көбірек қамтылып талданады. Өйткені теледидар мен радиода уакыт факторы
бірінші орында болғандықтан, үнемі шектеулі болады. Нәтижесінде
журналист назарына ілінген оқиға-құбылыстар лезде көрсетіліп немесе
хабарланып өтеді. Ал ол проблемаға қатысты қандай да бір қорытынды
жасау көрермен мен тыңдарманның еншісіне қалдырылады. Сондықтан да
радиодан немесе теледидардан қас-қағым сәтте естіген жаңалығын көпшілік
ертеңгі күнгі прессадан іздейді. Сөйтіп, істің мән-жайына кебінесе пресса
18
арқылы көз жеткізеді. Демек, реципиенттің (оқырманның) қабылдау
мүмкіндігі де пресса мәтініне қатысты алғанда кеңейе түседі.
Прагмалингвистикалық тұрғыдан медиа-мәтінді тілдік бірліктердің ғана
емес, жалпы білім аясы мен коммуникативтік саланың қосындысы деп
санаған жөн. Осымен байланысты соңғы жылдары пресса мәтіндерін
когнитивті лингвистика шеңберінде қарастыруға айрықша мөн берілуде.
Онда тіл сырттан келіп түскен ақпаратты бейнелейтін (репрезентациялаушы)
және онда кодталған мәліметтердің кілтін ашу үшін қолданылатын
когнитивті құрал ретінде танылады.
Когнитивті лингвистика мамандары үшін пресса қалыптастыратын
ақпараттық кеңістіктің тақырыптық жағынан ұйымдастырылуы аса маңызды.
Өйткені онда орасан зор ауқымды медиа ағынның өзіндік мәдени
ерекшеліктері көрініс табады. Сондай-ақ медиа-мәтіндердің идеологиялық
бағыттылығының қандай тілдік тәсілдер арқылы берілетінін анықтаудың да
мәні зор. Бұған қоса вербалды құралдар арқылы жеткізілетін әлеуметтік
маңызға ие ақпаратты экстралингвистикалық факторлармен, атап айтқанда,
Адам факторымен, кең мағынасында алғанда, қоғаммен, тілдік социуммен
байланыста қарастыру бүгінгі антропоцентрлік бағытта дамып келе жатқан
іргелі ғылым саласының талабынан туындап отыр. Аса ауқымды ақпараттық
кеңістікті қамтитын пресса бүгінде социумның когнитивтік жүйесін
құрайтын діни, саяси, әлеуметтік, мәдени, тарихи т.б. факторлардың
барлығын тілдік санада айшықтай отырып, бұқаралық санаға ықпал етуші
қуатты құралға айналды. Бұл жерде прессаны бұқаралық сананы реттеп,
қажетті идеологиялық бағытқа бейімдеп отыратын саяси тетік те деуге
болатын сияқты. Мұны күнделікті пресса бетінде көрініс табатын саяси
дискурстан байқауға болады. Бұл жағдай бүгінгі ресми басылымдардың
тақырыптық-құрылымдық өзегін құрайтын саяси пресса мәтіндеріне
лингвопрагматикалық талдау жасағанда қуаттала түседі. Сондықтан да
ақпараттьгқ және аналитикальгқ жанрларға бөлінетін газет мәтіндерінің
ішінен біз қазіргі ағылшын қоғамының бүгінгі тыныс-тіршілігін көрсететін
19
саяси-әлеуметтік мәселелерге арналған материалдарға көбірек назар
аудардық.
Ағылшын тілі қызметінің жандануы мен тілдің қолданыс өрісінің жан-
жақты ашылып дамуының мәдени-танымдық, прагматикалық әлеуетінің
қазіргі шетел прессасындағы көрінісін қарастыра отырып, бүгінгі медиа-
мәтінді адресанттың (мақала авторының, журналистің т.б) өз прагматикалық
ұстанымын
фразеологизмдермен
жеткізуде
қалайша
пайдаланып
отырғандығын
анықтау
және
сол
арадағы
тілдің
қызметіне
лингвопрагматикалық тұрғыдан баға беру. Бұл мақсатта қазіргі тіл
біліміндегі прагмалингвистика бағытының даму тарихына шолу негізінде
оның антропоцентрлік бағыттағы өзге салалармен байланысын, өзіндік
ұғымдық шеңбері мен теориялық мәселелері; БАҚ аркылы жүзеге
асырылатын ақпараттық-коммуникативтік процестің маңызды элементі —
прессаны пресса ақиқат болмысты анықтайтын және түсіндіретін аса қуатты
құрал ретінде түсіндіру; прессаны бұқаралық санаға әсер етуді
прагматикалық стратегияларға сәйкес жүзеге асыратын және әлеуметтік
реттеуіштік қызмет атқаратын фактор ретінде сипаттау; мәтін мазмұнындағы
прагмалингвистиканың негізгі категориясы — субъектіні адресант-адресат
қостағаны аясында жан-жақты қарастыру; адресанттың прагматикалық
ұстанымдарының қазіргі ағылшын мәтіндеріндегі жеткізілу тәсілдерін
көрсету; қазіргі ағылшын прессасының адресат факторына тигізетін әсерін
мәтін прагматикасы тұрғысынан анықтау; адресант-адресат арасындағы
рөлдік қатынастардың бүгінгі ағылшын прессасындағы көрінісін нақты
сипаттау; пресса мәтініне әсер ету күшті көрсететін прагматикалық
интенсификаторларды анықтау міндеттері қойылды.
Бұқаралық ақпарат құралдарын электрондық бұқаралық ақпарат құралдары
және мерзімдік басылымдар деп екіге бөліп жүрміз. БАҚ-тың бұл екі түрінің
де атқаратын қызметтері бірдей, яғни көпшілікке ақпаратты жеткізу.
Зерттеуші Б.Момынова ғылыми еңбегінде бұқаралық ақпарат құралдарын
Достарыңызбен бөлісу: |