Хазретәлінің тұлғатану бағытындағы айрық
ша еңбегін айтпаса болмайды. Ол Отан және өлке
тарихының алпыстан астам жеке тұлғаларының өміріне
қатысты мақалалар жазған екен. Маңыздысы – бұл
бағыттағы ізденістеріне ол өзінің шәкірттерін де тарта
және қызықтыра білгендігінде және ғылыми мектебін
қалыптастырғандығында. Оның ғылыми жұмыстарды
ұйымдастыруға қосқан үлесінің өзі өз алдына бір
төбе. Шағын мақалада барлығын қамту мүмкін емес.
Ең бастысы, тарихшыларды жаңа деректерді іздеп
табушылар және концептуалистер деп бөлемін. Бұл
екі қасиеттің екеуі де Хазреттің бойында тамаша
ұштасқанына қуанамын. Сөз со ңында, Хазретәлі
Маханұлының үлгілі отбасы бола білгенін мақтанышпен
айта отырып, сырт келбеті Мұстафа Шоқайдан
аумайтын, ауыл баласынан ұлт перзентіне дейін түлеп
ұшқан тастүлек Хазретәлі іні-досқа зор денсаулық, жаңа
шығармашылық асулар тілеймін, кемел жасың құтты
болсын демекпін.
Достарыңызбен бөлісу: |