1944 жылдың маусым айына сай арнайы
жер аударылғандарға аудандық тұтыну одағы
арқылы азықтүлікті бөлу құжаты мынадай [7].
Оңтүстік Қазақстан бойынша
Ұн кг
Дақылдар кг
Ильичев
8690
14373
Мақта-Арал
5664
9279
Сайрам
3573
5759
Арыс
2469
3899
Сары-Ағаш
2446
3861
Келес
1937
3004
Қызыл-Құм
2052
3197
Киров
3134
5019
Барлығы:
24 965
48 391
1944 жылы 15 маусымында ОҚО бойынша ІІХК
басқармасының басшысы М.В.Федотовтың анық-
тамасында Оңтүстік Қазақстан облысында қоныс-
тандырылған Солтүстік Кавказдан арнайы жер ауда-
рылғандардың жалпы саны – 12 398 отбасы, 49 491
адам, оның ішінде қарашайлар – 6492 отбасы, 24 350
адамды құрады. Азық-түлік бөліп беру бойынша
ақпарат бір айлық мерзімнің мөлшерін көрсететінін
ескерсек, орта есеппен әр арнайы жер аударылғанға
күніне 30 грамм ұн, 60 грамм дақыл арналғандығын
айта аламыз.
Сандық көрсеткіштерден бөлек арнайы жер ау-
дарылғандардың мәселелері де ішінара ата лып
өтеді. Құжатта: «облыстың аудандарында қо ныс-
тандырылған арнайы контингенттің басым
бө лігі қыс жағдайына бейімделген баспанамен
қам та масыз етілді. Бірақ бірқатар аудандарда
ке ңестік партиялық органдар арнайы жер ау-
дарылғандардың жұмыспен қамтылуына, баспа-
на-тұрмыстық жағ дайларын шешуге аз көңіл
бөлуде»,– деп баяндалады [8]. Жоғарыдан түсі-
ріліп отырған нұсқаулықтарда барлығы жүйелі кө-
рінгенімен жергілікті жерлердегі шынайы ахуал
мүлдем басқаша болған.
1944 жылғы 15 маусымында ҚК(б)П ОК
хатшысы Н.Скворцов пен Қазақ КСР ХКК төрағасы
Н.Оңдасынов облыстық комитеттерінің хатшылары
мен Облыстық еңбекші депутаттар кеңесі атқару
комитеттерінің төр ағаларына арнайы жер ауда-
рылғандардың арыз-шағымдары бойынша хат жол-
дады. Бұл құжатта Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан,
Қостанай мен Көкшетау облыстарында Солтүстік
Кавказдан жер аударылып келгендерді (шешендер,
ингуштар, қарашайлар, бал қарлар) жұмыспен қам-
ту, тұрмыстық жағдайын қа лыпқа келтіру ісінде
ҚК(б)П облыстық комитеттері мен облыстық атқару
комитеттері қанағаттанарлықсыз деңгейде жұмыс
жасауда деп көрсетілді.
Осы төрт облыстың басшылықтары аудандық
бас шылықтардың арнайы жер аударылғандардың
жағ дайын жақсарту ісін жүргізуін қадағаламай, бей-
берекетсіздікке жол бергендігі айтылды. Ескертулерді
түзеу үшін күзгі егіннің жиыны кезеңіне дейін бірқа тар
шараларды қолға алулары тапсырылды, солардың
кейбіреуін атап өтелік: маусым айы ішінде арна йы
жер аударылғандардың өтініштерін қарастырып,
оларды қоныстандырылған колхоздарындағы ауыл
шаруашылық артельдері мүшелігіне қабылдау; ар-
найы жер аударылғандарға аз уақыт аралығында,
шұғыл түрде еңбек кітапшаларын табыстау, атқарған
еңбектерін нақты есептеп, жеке есептеріне енгізіп
отыру; колхоз, совхоз, өндірістік орындардағы арна-
йы жер аударылғандарды жергілікті жұмысшыларға
теңестіру, тамақтану мен құрал-саймандармен қам-
тамассыз ету; арнайы жер аударылғандарды әдейі
колхоздан ығыстыру, жанұяларының шаруашылық-
тұрмыстық жағдайын жасақтауға кедергі келтіру сын-
ды оқиғалар орын алса, ІІХК қызметкерлері арнайы
|