Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


Ақыры  1962  жылы  с.М.Киров



Pdf көрінісі
бет150/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   299
9-20

Ақыры  1962  жылы  с.М.Киров 

атын дағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң 

факультетіне оқуға қабылданды. Осылайша өзі жаз-

ғандай, заң мамандығына тағдыры ашылды [2, 5-п.].



Әскерге  шақырылуына  және  одан  кейін  от­

басын құруға байланысты оқуын сырттай бітіруге 

тура келді. 1973 жылдан бастап Талдықорған қаласы 

прокуратурасында тәлімгер, одан кейін аға тергеуші 

болып  болып  қызмет  атқарды.  Дәл  осы  уақыттан 

оның заңгер ретіндегі өмірі басталды. 



Бұдан  кейінгі  уақыттарда  Талдықорғанда  про­

куратурада  тергеуші  ретінде  қызметін  жалғас­

тырды,  адвокаттар  алқасының  мүшесі  ретінде 

жұмыс  жасады.  1981-1987  жылдары  Талдықорған 

облысы  Қаратал  аудандық  халық  соты  қызметін 

атқарды.  Өмірінің  осы  бір  кезеңін  Мақсұт  Сұлтанұлы 

КСРО-дағы  «реформамен  қатар  жүрген  кезім»  деп 

атаған.  1987  жылы  1987-1991  жылдар  аралығында 

Қазақ  КСР  Әділет  министрлігі  және  прокуратурасы 

аппаратында,  Қазақстан  өзінің  тәуелсіздігіне  қол 

жеткізген  тұста  жоғары  мемлекеттік  қызметтерде 

болды.  Сол  қызметтері  турасында  тілшілерге  берген 

сұхбатында  «1987  жылы  өзімнің  бес  жылдық  сайлау 



мерзімім  біткеннен  кейін,  сол  кездегі  Талдықорған 

облысының  Қаратал  аудандық  сотынан  Алматыға 

қызметке  ауысып  келіп,  Әділет  министрлігінің  сот 

жүйесіне  байланысты  бас  кеңесшісі  болып  істедім. 

Сол  кезде  біздің  жас  мемлекетіміздің  құрылымының 

алғашқы қадамдары басталып жатқан. Заңға, сотқа 

байланысты бағдарлама мен құжаттар дың дайында-

ла  бастаған  тұсында  мен  солардың  басы-қасында 

бол дым  десем,  артық  айтқаным  емес.  Одан  кейін 

Қаз ақстан  Республикасының  Бас  прокуратурасында 

Ақпарат  және  заңдарды  тәр жімелеу  бөлімінде  қыз-

мет істей жүріп, сот, про куратура жайлы пікірлерімді 

мақала  етіп,  газет  беттерінде  жариялап,  радио, 

теледидар  арқылы  хабарларға  жиі  қатыстым.  Сот 

жүйесі  жөніндегі  реформаға  араласуымды  сол  істер-

ден  бастағым  келеді.  Өйткені,  сол  кездегі  әрбір  сөз, 

айтылған  пікірлер  реформаға  бағытталған  еді»  [3, 

2-п.],– деп айтты. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет