Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


Мақсұт  сұлтанұлы  2000  жылдан  бастап  ұзақ



Pdf көрінісі
бет155/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   299
9-20

  Мақсұт  сұлтанұлы  2000  жылдан  бастап  ұзақ 

жылдар  бойы  Қазақ  гуманитарлық  заң  уни­

верситетін басқарды. Тәуелсіз мемлекетке қажетті 

заңгер  мамандарды  дайындаумен  қатар  олар дың 

сапалы  білім  алуына  жағдай  жасады.  Университет 

профессор-оқытушы құрамымен қатар өзі де бірқатар 

оқулықтар мен оқу құралдарын дайындады. «Уголовно-

правовые и криминологические проблемы борьбы с 

корыстно-насильственными  преступлениями  несо-

вершеннолетних»  [9],  «Уголовно-правовая  охрана 

детства в Республике Казахстан» [10] атты еңбектер 

жариялады. 2006 жылы қазақ және орыс тілдерінде-

гі  «Қазақстан  Республикасының  прокурорлық  қада-

ғалау»  оқулығының  авторларының  бірі  ретінде  рес-

публикалық байқаудың нәтижесінде «Заңтану» және 

«Құқық қорғау» мамандықтарының пәндері бойынша 

«жылдың үздік оқулығы» дипломын иеленді.

Қорда  М.Нәрікбаевтың  бірқатар  ғылыми  конфе-

ренцияларға  қатысып,  баяндама  жасап,  өз  ой-пікір-

лерін  ортаға  салғанын  дәлелдейтін  құжаттар  да 

бар.  Мәселен,  «Конститутция  Республики  Ка зах-

стан»,  «Ислам:  ХХІ  ғ.  даму  тенденциялары  мен  бо-

лашағы»,  «Процессуальный  контроль  в  уго   лов ном 

судопроизводстве  Республики  Казах стан:  сов ре-

менные  проблемы  и  перспективы  раз ви тия»  ат ты 

ха лықаралық  ғылыми-практикалық  кон фе рен   ция-

ларда  тұшымды  баяндамалар  жасады.  Ла уа   зымды 

қызметтермен  қатар  ғылыми  зерттеулер  жүргізумен 

айналысты. Профессор ғылыми атағын алды. 

Қордың  мазмұнын  елде  демократиялық  рефор-

малар  бағдарламасын  дайындау  және  нақтылау 

жөніндегі  мемлекеттік  комиссияның,  ҚР  Президенті 

жанындағы  демократияландыру  мәселесі  жөніндегі 

Ұлттық  комиссия  мәжілісінде,  «Құқық  қорғау  орган-

дарындағы  реформаландыру»  атты  қауіпсіздік 

кеңесінде,  Қазақстан  демократиялық  партиясының 

съездерінде  оқыған  баяндамалары  мен  сөйлеген 

сөздері  [11]  байытқан.  Бұлардың  барлығы  тәуелсіз 

Қазақстан  тарихын  зерттеушілер  үшін  маңызыд  де-

реккөздері болып табылады. 

  М.С.Нәрікбаевтың  еліне  сіңірген  еңбегі  еленіп, 

ең  жоғарғы  мемлекеттік  «Парасат»,  «Барыс»  ор-

ден дерімен  және  бірқатар  мерейтойлық  медаль-

дар мен  марапатталды.  «Құрметті  судья»,  «Қазақ-

стан  Республикасының  құрметті  қызметкері»  атақ-

тарын  иеленді.  ХХІ  ғасырда  интеллектуалдық  әле-

ует ті  дамытуға  қосқан  үлесі  үшін  2006  жылдың  7 

қыркүйегінде  Лондонда  Еуропалық  Бизнес  Ассо-

циациясының  «Сократтың  халықаралық  награда-

сының» иегері атанды [12]. 

 Қордың бір ерекшілігі мұнда Мақсұт Сұлтанұлының 

анасы  Зейнепгүлсінге,  жары  Қасиет  Қадырқызына, 

досы  Сатыпалдыға  арналған  өлеңдері  сақталған. 

М.С.Нәрікбаевты  республика  жұртшылығы  заңгер 

түрінде  танығанымен  нәзік  жанды,  ойшыл  адам 

ретінде  біле  бермейді.  Оған  дәлел  –  лауазымды 

қызметкердің «Ұлы тарихпен бетпе-бет», «Анашым  – 

алтыным ме нің», «Құқық пен заңдылық төңірегіндегі 

ойлар» кітап тары. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет