39
Қазақ тарихы
№9 (186), қыркүйек, 2020
рухани азық болып келеді. Қобыз күйлерінде ғасырлар
бойы шыңдалып, қалыптасқан өзіндік орындаушылық
ерекшелік бар. Ойнау әдісінің қиындығына қарамастан
қобыз аспабы ертеде халық арасында өте кеңінен тараған
және қобызшылардың ойнау мәдениеті өте жоғары
дәрежеде болған. Аты аңызға айналған Қорқыт (ΙX ғ.),
Қойлыбай, Ықылас Дүкенов (1843-1916 жж.), Қазақ КСР-
нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Жаппас Қаламбаев
(1909-1969 жж.) және Дәулет Мықтыбаевтар (1905-1976
жж.) қобыз өнерінің ірі өкілдері болып саналады [5, 3-б].
Қобыз аспабы жайында сөз қозғағанда, оны ер-
те замандағы қазақ бақсыларының өнерімен бай-
ланыстырамыз. Бақсылардың қарапайым адамдардан
басты ерекшелігі – олар түрлі ырғақтармен сайрайтын
ақын және күйші, актер, емші, әрі келешекті алдын-ала
болжайтын көріпкел болған. Мысалы, қазақ бақсылары
үлкен табиғи дарын-қасиетінің арқасында қобызда
ойнап, зарлы немесе қаһарлы үн, әуендер шығару т.б.
әрекеттер жасау арқылы жүйке жүйелеріне әсер ете
отырып адамдарды емдеген. Сондықтан, қобыз өнерінің
ірі тұлғалары бақсылық дарыны болған адамдар.
Музей экспозициясындағы сондай тұлғалардың бірі,
Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу өңіріне танымал –
Жарас бақсы мен оның қасиетті қобызы. XVΙ ғасырда
жасалған Жарас бақсының қобызын – Жамбыл облысы,
Талас ауданы, «Қаратау» совхозына қарасты Қарой бө-
лімшесінің тұрғыны Құлтасов Бижан, 1983 жылы Ықылас
атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне тапсырды.
Жарас бақсының нарқобызы музей жәдігерлерінің ара-
сындағы ең көне және тарихи маңызы бар аспап болып
та былады. Қобыз аңыздай құнды, әрі оның тариы да өте
қызық. 1942 жылға дейін қобыз атадан балаға мұра ре-
тінде сақталған. Аспап Жарас бақсының алты ұрпағына
дейін сақталып, бірінің қолынан екіншісіне өтіп отырған.
Жа рас бақсы өз заманында нарқобызын жанында ұстап
бақсылық құрған. Одан кейін мұраны Бейсенбет, Құлтас,
Бұралқы есімді ұрпақтары аталарының көзіндей сақтап
қолдан-қолға қалдырып отырған. Бұралқы 1942 жылы со-
ғысқа кетіп, майданнан қайтып оралмайды. Атадан қалған
қасиетті жәдігер келесі ұрпақтары Бердібекке, одан Бижан
қолына өткен. Қобыздың өн бойы әбден ысталып қарайған.
Жамауы көп қобыздың көне көз дүние екендігі тайға таңба
басқандай байқалады. Аспап – тұтас өрік ағашынан
ойылып дайындалған. Шанағы нар түйенің терісінен
тартылып, ішегі аттың қылынан жасалған. Нарқобыздың
ұзындығы – 1 метр, шанағы – 29 см, шанақ ені – 37 см,
шанақ аумағы – 1 метр, сылдырмағы үшеу [6, 145-б].
Ел аузынан келіп жеткен аңызға сүйенсек, 2002 жылы
91 жастағы соғыс ардагері Абдырайов Затыбектің айтуы
бойынша, бірде Жарас бақсы кездейсоқ бәйге жүргізіліп
жатқан ұлан-асыр тойдың үстіне тап болады. Бақсы
сол бәйгеге қатысқысы келіп рұқсат сұрайды. Алайда,
сол жерде тұрған бір бай оған мысқылдап «бәйгеге
неңді қосасың, қай түріңмен қатыспақшысың» деген
сөздермен кедейлігін бетіне басып келемеж етеді. Содан
соң жиналғандар Жарасты тораңғы талға ағаш түбіне
12 құлаш арқанмен байлап, қолын бос қояды. Қанекей
қолыңдағы қобызыңмен бүгінгі бәйгеде кім жеңіске
жететінін болжап көрші деп, күлкіге қарық болады.
Жарас бақсы ұзақ уақыт қобызын ойнап отырады
да, болғаннан кейін жеңімпаздың есімін атайды. Егер
болжамың дұрыс болып шықса, сені босатамыз, қате-
лесетін болсаң, аттың құйрығына арқанмен байлап,
қамшының астына алып сыбағаңды береміз дейді.
Бәйге басталып, қалың көпшілік толғаныспен бақылап
отырғанда, Жарас ештеңеге алаңдамай өзінің сабыр-
лығын танытады. Ақыры көп қатысушының арасынан,
бақсының көрсеткен шабандозы бәрінен оза шауып,
жеңіске жеткен екен. Мұнысын сәуегейлікке балап,
жанұшыра алаңдаған байлар Жарасты босатыңдар
деп бұйрық береді. Ал жиналған қарапайым халық оған
өздерінің ризашылығы мен жақсы тілектерін білдіріпті.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
мақаласында – «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің
та мыры тарихының тереңінен бастау алатын руха-
ни коды болады. Біз жаңғыру жолында бабалардан ми-
рас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда
бүл кілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз
керек»,– деген болатын [7]. Мұның барысында ұлттық
му зыка мәдениетінің тарихи негіздерін, стильдік ерек-
шеліктерін зерттеу, насихаттау, ұмыт болған аспаптарда
қайта ойнау рухани халық дәстүрін қайта жаңғырту аса
қажетті болып қала бермек.
Достарыңызбен бөлісу: