Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


Музей  –  мәдениет  және  қоғам  қайраткері,  этно­



Pdf көрінісі
бет158/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   299
9-20

Музей  –  мәдениет  және  қоғам  қайраткері,  этно­

граф­ғалым Өзбекәлі жәнібековтың ұйым дасты руы­

мен XX ғасырдың 80­жылдары құрыл ды. Қазақ ССР 

Министрлер Кеңесінің №358-р санымен 1980 жыл дың 1 

тамызында  Республикалық  халық  музыкалық  ас паптар 

музейін  ашу  туралы  Үкімет  жарлығы  шықты.  Аталған 

жылдың тамыз айынан бастап музей тарихында тұңғыш 

директор болып ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, өнер зерт-

теуші, күйші Жарқын Шәкәрім тағайындалды [2, 6-б.].

Музей  ғимараты  өзінің  ерекше  пішінімен  көз  тар­

та ды.  1908  жылы  атақты  Верныйлық  сәулетші  Андрей 

Зенковтың  жобасымен  тұрғызылған  ғимарат  «Ропе-

товский»  стиліндегі  ағаш  сәулет  өнерінің  ерекше  үлгісі. 

Музей ғимараты Офицерлер жиналысының бұрынғы ғима-

ратында орналасқан. Қазіргі таңда Республикалық маңызы 

бар  тарих  және  мәдениет  ескерткіштерінің  тізімінде  [3, 

45-б.].  Бұл  мәдени  орын  алматылықтар  мен  қала  қо-

нақтарының  әсем  демалыс  орындарының  бірі  болып 

табылатын,  «28-гвардияшы-панфиловшылар»  атындағы 

паркте  орналасқан.  Сондай-ақ  Алматы  қаласындағы  ең 

танымал әрі ең көп баратын мәдени орындардың бірі.

Алғашқы жылдары халық музыка аспаптары музейін 

ұйымдастыру барысында Өзбекәлі Жәнібековтың бас-

та масымен  ұлт  аспаптарын  ғана  емес,  көршілес  рес-

публикалар (ТМД) мен әлем халықтарының аспаптарын 

жинақтау көзделіп, оларға арнап экспозиция залдарын 

жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Қазақстанда өмір сүріп 

жатқан этностар мен өзге ұлыс өкілдерінің музыкалық 

аспаптарын жинақтау барысында Алматы қаласындағы 

ұйғыр және корей  театрларында қолданылған музыка-

лық  аспаптар,  М.О.Әуезов  атындағы  академиялық 

драма  театрында,  1930-1950  жылдары  Құрманғазы 

атындағы ұлт аспаптар оркестрінің құрамында ойналған 

музыка лық  аспаптар,  Алматының  ЖОО-да  оқитын 

шетелдік  студенттердің  өз  елдерінен  алып  келген 

музыкалық  аспаптары  музей  қорына  алынды.  Соның 

нәтижесінде  тамбир,  халун  (ханон),  сатар,  хош,  саз, 

чонгутар қатарлы ұлттық аспаптары музей шаңырағына 

топтастырылды [4, 62-б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет