Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


Музей  қорында  ұлттық  музыкалық  аспаптар  мен



Pdf көрінісі
бет159/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   299
9-20

Музей  қорында  ұлттық  музыкалық  аспаптар  мен 

қатар  түрік  халықтары,  сондай­ақ  әлемнің  34  елі нің 

музыкалық  мәдениетімен  таныстыратын  1000­ нан 

астам экспонат бар. 7 экспозициялық зал  жұ мыс жасайды. 

Олар: Халық музыкасының бастауы за лы, үр мелі, соқпалы-

шулы аспаптар залы, шеберлер за лы, ме мориалдық қобыз 

залы,  домбыра  және  қобыз  залы,  түр кі  халықтарының 

музыкалық мұрасы залы, әлем ха лық тарының аспаптары 

залы.  Музейде  экспонаттарды  сақ тау,  насихаттау  және 

музыкалық  мұраны  дәріптеу,  сон дай-ақ  музей  кол лек-

цияларын  ғылыми  тұрғыдан  зерт теу  жұмыстарымен  ай-

налысатын ғылыми бөлім мен қор сақтау бөлімдері, көрме 

залы, мәжіліс залы жұмыс жа сайды. 

Сондай-ақ,  ұлт  руханиятының  –  ұлттық  өнеріміз 

арқылы  жаңғырып  отыруына  атсалысу  мақсатында  му-

зейдің концерт залында шығармашылық кештер, лекция-

концерттер  дәстүрлі  түрде  өткізіліп  тұрады.  Музей, 

хал қымыздың  бай  музыкалық  фольклорын  ұрпақтан-

ұрпаққа  жеткізіп,  халық  музыкасының  тамаша  үлгілерін 

жадында  сақтаған  көптеген  халық  орындаушылары 

мен  танымал  тұлғалардың  тұтынған  аспаптарын  сақ-

тап  қана  қоймай  оларды  насихаттау,  дыбыстандыру 

жұмыстарымен  де  айналысады.  Музейдің  концерт  за-

лында  ұдайы  өткізіліп  тұратын  түрлі  шығармашылық 

кештер мен лекция-концерттердің құрметті қонағы болып, 

ұлттық өнеріміз арқылы жан-дүниеңізді байытып, рухани 

әсерлі  кештің  куәсі  болуға  зор  мүмкіндік  бар.  Музей-

де  жүргізілетін  экскурсиялардың  түрлері  –  шолу  және 

тақырыптық  экскурсиялар  және  музей  қызметкерлерінің 

ұйымдастыруымен  түрлі  викториналық  ойындар  мен 

тақырыптық дәрістер өткізіледі.  

Ықылас  атындағы  халық  музыкалық  аспаптар 

музейіне  келушілер  бірнеше  залдарды  аралау  арқылы 

бірегей  сирек  кездесетін  қазақ  халқының  музыкалық 

аспап түрлері – желбуаз, адырна, шертер, кеңінен тараған 

–  домбыра,  қобыз,  сыбызғы,  жетіген,  сонымен  қатар, 

түркі халықтарының – уд, тар, дутар, гиджак, сатар, әлем 

халықтарының  –  саранги,  пандури,  мандолина,  эрху, 

бандура, т.б. аспаптарымен танысып, тамашалай алады.

Ерекше айта кететін жәйт, музей коллекцияларының 

ішіндегі ең көне және  тарихи маңызы бар аспаптардың 

бірі – қобыздар, аңыздай құнды әрі оның тарихы да өте 

қызық. Олардың қатарында XVI ғасырда жасалған Жарас 

бақсының  нарқобызы,  XIX-XX  ғасырларда  қолданыста 

болған Зердегүл бақсының қылқобызы, бақсы Мекенбай 

Қойбағарұлының, Исабек бақсының қылқобыздары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет