Қайдауыл өмірі батырлыққа толы өмір. Ол –
ел намысын қорғап бес қаруын шешпей ат, жорық
үстінде өмір кешкен тарихи тұлға.
Заманымыздағы бүкіл қазақтың маңдайына біт кен
жұлдыздарымыздың бірі Дінмұхамбет Қонаев: «Ұлылық
жердің кеңдігімен, таудың биіктігімен, теңіздің те-
рең дігімен өлшенбейді. Тіпті ел байлығы да, жер ас-
ты қазынасы да таразы басын тарта алмайды. Ел дің
елдігін танытатын да, тарихын жасайтын да, арты-
на өшпес із, өлмес мұра қал дыратын да, оның ұлы
перзенттері. Ұлылықтың теңдесі жоқ өлшемі осы»,–
деп жазған екен. Сол айтқандай, Қайдауылдың бұл дүние-
ден өткеніне 175 жылға тақау уақыт өтсе де атының адам
жадынан шықпай, оның тарихта салған іздерін топырақ
баспай сақталуының өзі оның ұлылығының жемісі.
ХVІІІ ғ. 90-жылдардың аяғында Қаратаудың бергі
етегін жайлаған тамадан шыққан Тасыран жырау
Кішкенешектілік дарынды жас шайыр Әзімбергенмен
сөз жарыстырғанда: «Шектіден шыққан дейді екі үлек,
дүм піген, жаратылысы туған бөлек. Көтібар – алмас
қылыш, ел тірегі, Қайдауыл – сағы сынбас қазан жү-
рек»,– деген екен [2, 5-6-бб.].
Достарыңызбен бөлісу: |