1839 жылдың көктемінде Баймағамбет сұл тан
өзінің ставкасын жем өзенінің жоғарғы ба ғытына
әкеліп қоныстандырды. Сұлтанның әл денеше жібер-
ген жарлықтарына Қайдауыл бас та ған шектіліктер түйе
беруден үзілді-кесілді бас тарт ты. Бұған Есет, Нияз,
Жәмектер қосылды. Жа қайым, Жанғылыш билері түйе,
адам бермей Хиуа хандығының шебіне ысырылу саясатын
ұста ды. Халыққа әбден тізесі батып өшігу отын жан дыр ған,
халық-азаттық күресін бастаған Иса тай Тай манұлының
соңғы күшін талқанда, Исатай ды өл ті ріп, көтерілісті қанға
бөктіре басқан Байма ғам беттен қанды кек алуға кім болса
да дайын еді. Осы мақсатпен Қайдауыл батыр 1839
жылдың 22 мау сымында Бай мағамбет қарауында қанша
күш бар екенін білуге Сұл тан ордасына Сартайды арнайы
барлаушы қылып жіберді. Ол түн ортасында оралып, 128 ат
бар екендігін хабарлады. 23 маусымның бозала таңында
Қайдауыл 100 жасақтан тұратын күшімен сұлтан ордасына
лап қояды. Алайда сол күні түнде келген бірнеше орыс-
казактары, баш құрттар әскері жауға қосымша қуат береді.
Алғашқы шайқастың өзінде қалың жаудың ортасында қал-
ған Қайдауыл ұрыс сала кейін шегінеді. Бір топ баш құрттар
мен казактар Қайдауылдың соңына түсті. Оның атын атып
түсіріп өзін қоршауға алды. Сөйтіп орыс-казактар мен
башқұрттар Қайдауылды шапқылап өлтіреді. Қайдауыл
батыр ел, халық, жер намысын қорғап, жаумен алысып
қаһармандықпен қаза табады.
Достарыңызбен бөлісу: |