Қайдауылдың ер жүректігі жөнінде тағы мы
нандай әңгіме бар. «Бірде оны сынамақ болған біреу
жорыққа кеткен Қайдауылдың жолын тосып, осы
бейіттерге соқпай өтпес деп, елден түстік жердегі
қалың қорымға барып, ақ шүберекке оранып күтіп
жатады. Дәл ойлағандай Қайдауыл молаға келіп,
құран оқып, қоржынынан піскен дуадақтың етін жей
бастайды. Осы кезде көрден «кебінді» кісі шыға келіп,
«жеп отырған тамағыңнан маған да ауыстырсаңшы»,
– дейді. Сонда батыр: «бұл торғайдың еті көптен
тамақ ішпеген өлі сен түгел, түсте бір қозының
етін бір өзі жеген тірі Қайдауылдың да жұмырына жұқ
болатын емес»,– депті саспастан [3, 18-19-бб.].
Қазақ елі, басқа да түркі халықтарындай, соң ғы үш
ғасыр аясында, Ресей империясының жан түршігерліктей
отаршылдығын бастан кешті. Осы кезде сорлы қазақ не
көрмеді. Ресей патша үкіметінің құтыртып қойған атты-
казактарының салған қырғын дарын, ашаршылық, ауру-
обалары, т.б. геноцидтің бәрін басынан кешірді.
Осы зерттеуімізді қорытындылай келе – Қайда-
уыл батыр заманның айтулы тұлғасы, Көтібар, Дос-
тан, Қаражігіт замандасы, патша үкіметінің отарлық
саясатына қарсы күрескен ел мақтанышы – қаһарман
батыры. Қайдауыл батыр қазақ ру, тайпалар ара сындағы
бірлікті аңсап, сол үшін күрескен ардагер.
1994 жылдың жазында Ақтөбе облысы, Шалқар
ауданы «Сарыбұлақ» ұжымдық кәсіпорнының Шо-
лақжиде өңіріндегі киелі жеріміз «Есет-Дәрібай» ке-
сенесі жанында Көтібардың үзеңгілес серігі, қарулас
досы, батыр Қайдауыл Едігеұлына ас бе ріледі [4, 5-б.].
Біле білгенге бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздік алып,
дербес мемлекет болуының бастауы – қазақ хал қының
азаттық жолындағы ғасырлар бойы толас сыз күресінде
жатыр. Ел басшылары күрескер-ба тырдың ерлігіне
құрмет ретінде Ақтөбе облысы, Шал қар ауданының
бұрынғы Соленый бекетінің маңында биік күмбезді
кесене тұрғызып, бекетке Қайдауыл батыр атын берді,
ол болашақ ұрпақтар санасынан мәңгі орын алмақ.
Осындай ұлт-азаттық күрес кө семінің ұрпақтарының
|