Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


сафи Өтебайұлы 1909 жылдың 25 мамырын­



Pdf көрінісі
бет48/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   299
9-20

сафи Өтебайұлы 1909 жылдың 25 мамырын­

да Атырау облысы, Қызылқоға ауданының Қара­

бау  ауылында  кедей­шаруа  отбасында  дүниеге 

келді.  Әкесі  Өтебай  1860  жылы  Қарабау  өңірінде 

кедей шаруа Баспайдың отбасында дүниеге келеді. 

Ата-анадан  ерте  айырылып,  жетімдіктің  тауқыметін 

көрген ол еңбекке он екі жасынан бастап аралас қан. 

Өтекең құдай қосқан қосағы Рахима екеуі өмірге он 

бір перзент әкелді. Көлденең ажалдан аман қал ған 

сегіз  баланың  барлығы,  Ғұсман,  Айша,  Омар,  Қа-

ли,  Бәтима,  Қаби,  Нұрым,  Сафи  ер  жете  келе,  мұ-

най  кәсібіне  араласып,  Қазақстан  мұнайын  игеруге 

тікелей  атсалысты.  Жастайынан  дарынды,  зерек, 

ата-анасының  кенже  ұлы  Сафи  ағамыз  өмірдің 

ащы-тұщысын  ертерек  зейініне  түйе  білген.  Әкесі 

Өтебай өмірдің ағысын анық сезіп, болашақта білім 

алған  жастардың  зама ны  болатындығын  болжап, 

кішкене Сафиді 1921 жыл дың тамыз айында Доссор 

ауылындағы  бастауыш  мектепке  берді.  Ал,  одан 

кейін  ағамыз  1925  жылы  Доссордағы  фабрика-

зауыт  училищесінде  слесарь  мамандығы  бойынша 

оқуын жалғастырды [1, 1-20-пп.]. Сол жылдары оқу 

үрдісінде сегіз сағаттық білім негізі орын алды, оның 

төрт сағатында теориялық білім берілсе, төрт саға-

ты  мастерскойда  тәжірибе  ретінде  өткізіліп  отыр-

ды.  Қазіргі  кезде  жаңалық  деп  енгізілген  дуальдік 

оқу  үрдісі  ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  мұнайы ның 

атамекенінде  кеңінен  қолданыл ған.    Міне,  осылай-

ша  білім  мен  тәжірибені  қатар  тоқыған  Сафи  аға-

мыз дың  болашақ  мамандыққа  деген  құлшынысын 

арттырған  оқиға  –  1927  жылы  Доссорға  Әзірбай-

жан  Республикасынан  мұнайшы  мамандардың 

келуі.  Жас  маман  бұрғышының  кө мекшісі  болып, 

№301,  302,  303,  304  бұрғылау  қон дырғыларында 

айтулы мамандармен қоян-қолтық қызмет атқарды. 

1928  жылы  училищені  аяқтағаннан  кейін,  Орын бор 

қаласындағы  жұмысшы  факультетіне  түсіп,  оны 

1930 жылы бітірді. Факультеттің қазақ бөлімінде мұ-

найлы  өлкенің  ондаған  жастары  білім  алды.  Олар: 

Жұмабаев Шағыр, Досқарин Тоққожа, Өтебаев Сафи, 

Басбаев  Күзенбай,  Исенов  Мұқамбет,  Қарымсақов 

Сапар,  Сағындықов  Рақымжан  [2,152-б.].  Сол 

жылдары  білімі,  даярлығы  жеткен  әрбір  жас  жоға-

ры  оқу  орындарына  түсуге  ұмтылды.  Міне,  осын-

дай  мүмкіндікті  қазақ  жастары  пайдаланып,  Сапар 

Қарымсақов  1927  жылы  тау-кен  академиясына, 

С.Өтебаев  1930  жылы  Бакудегі  тау-кен  институты-

на,  ал  Мұқамбет  Исенов  1931  жылы  Москвадағы 

мұнай  институтына  түсіп  студент  атанған  [3,86-б.]. 

Сафи  Өтебайұлы  1931-1935  жылдары  Әзірбайжан 

Республикасындағы  мұнай  институтында  жоғары 

білім  алды.  Мұнда  Сафи  ағамыз  институттың  үздік 

студенті, мұнай факультетінің комсомол ұйымының 

хатшысы,  қоғамдық  жұмыстарға  белсенді  қатысып, 

оқу  үлгерімі  және  тәртіп  жағынан,  студенттердің 

алдыңғы қатарында болды. Ол заманда «қоғамдық 

жұмыс  сенің  жеке  өміріңнен  қымбат»  деген  жа-

зылмаған  қағида  болды.  Сафи  Өтебайұлы  –  Әзір-

байжан  жоғары  оқу  орындары  тарихында  оқыған 

алғашқы қазақ ұлтының өкілдерінің бірі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет