Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


сафи Өтебайұлы 1951 жылы Гурьев қаласын­



Pdf көрінісі
бет51/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   299
9-20

сафи Өтебайұлы 1951 жылы Гурьев қаласын­

да  орналасқан  «Қазақстанмұнай»  бірлестігіне 

басшылыққа  тағайындалды.  Осы  жылдардан 

бас тап,  Маңғыстау  түбегін  зерттеу  жұмыстары  қол-

ға  алына  бастады.  Өйткені,  болашақтың  мұнай 

кеніштері Сафи ағамыздың болжамы бойынша осы 

жерде  ашылу  керек  еді.  Мұндай  шешімге  келуінің 

себебі,  ғылыми  негіздерге  сүйене  отыра,  сол  кез-

дегі  тың  ізденістерді  пайдаланып,  оны  дәлелдеу-

де  еді.  1951  жылы  «Маңғыстаумұнайгазбарлау» 

тресі  құрылып,  мұнай  кеніштерін  барлау,  іздестіру 

бағытында  кең  ауқымды  жұмыстар  басталды.  Осы 

жылдары  Кеңес  үкіметі  экономикалық-шаруашы-

лық  салаларында  реформалар  жүргізді.  1957-

1965  жылдары  партия  мен  үкімет  қаулыларына 

сәйкес  одақтық  министрліктер  таратылып,  Халық 

Шаруашылық  Кеңестері  құрылды.  Осы  жылдары 

Сафи  ағамыз  Гурьев,  кейіннен  Батыс  Қазақстан 

Халық  Шаруашылық  Кеңестерін  басқарды.  Бүкіл 

өңірдің  әлеуметтік-экономикалық,  мәдени  мәсе-

лелерін  шешуде  өзінің  білімі  мен  біліктілігін,  күш-

жігерін  аямады.  Еліміздің  өркендеуіне  сол  ке-

зеңде  жаңа  мұнай  кеніштері  ауадай  қажет  еді. 

Табиғатынан  болашақты  болжай  алатын  Сафи 

ағамыздың  назары  үнемі  Маңғыстау  түбегіндегі  та-

биғаттың  тылсым  байлығын  ашудың  барлық  жол-

дарына  түсті.  Сонау  50-жылдары  басталған  мұ-

найды бұрғылау жұмыстары, 1961 жылы 5 шілдеде 

Жетібай  мұнай  кен  орынының  №6  қондырғысынан 

алғашқы  Маңғыстау  мұнайы  атқылап,  өз  нәтижесін 

берді.  Мұның  өзі  Маңғыстау  түбегінің  болашағын 

айқындап  берді.  1963  жылдың  12  желтоқсанында 

«Маңғышлақмұнай»  бірлестігі  құрылып,  Өзен,  Же-

тібай мұнай кеніштерінің игерілуіне жол ашты. Осы 

жұмыстардың  бас  қасында  Сафи  ағамыз  тұрды. 

1965 жылдың 10 шілдесінде Маңғыстау мұнайының 

алғашқы  эшелоны  Гурьев  мұнай  өңдеу  зауытына 

жөнелтілді.  Бұл  үлкен  қажырлы  еңбектің  жемісі 

еді.  1965  жылы  Халық  шаруашылық  Кеңестер 

таратылып,  орнына  одақтық  министрліктер  қайта 

құрылды.  1965-1971  жылдары  Қазақстан  үкіметінің 

ұсынысымен  Сафи  Өтебайұлы  Ақтау  қаласында 

орналасқан  жаңадан  құрылған  «Қазақстанмұнай» 

бірлестігін  басқарды.  Міне,  Сафи  ағамыздың  өткен 

жолдарының  ізінен  сол  уақытта  Қазақстан  мұнай 

өндірісінің негізі қаланды деп айтуға негіз бар. Осы 

жылдары Боранкөл, Прорва, Кеңқияқ, Жаңажол, т.б. 

мұнай кеніштері ашылып, ел игілігіне жұмыс жасады. 

Маңғыстау өңіріндегі Ақтау, Жаңа-Өзен қалаларында 

әлеуметтік-мәдени  нысандар,  өнеркәсіп  орындары 

ашылып, халықтың тұрмыс тіршілігі жақсара түсті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет