ХХ ғасырдың 30жылдары Қазақ даласына
нәубет әкелді, аштықтан қаншама бауырларымыз
қырылды. Сол жылдары жоғары оқу орындарында
оқыған студенттерді аштықтан құтқарған, оқу үшін
төленетін шәкіртақы еді. Кеңес заманын әр ұрпақ
өзінше бағалар, бірақ та, кедей, шаруа балаларына
жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік бергендігін
ұмытуға болмайды.
сафи ағамыз 1935 жылы институтты аяқ
тағаннан кейін туған жері Қазақстанға өз еркімен
сұранып, «Ембімұнай» өндірісіне жолдама ал
ды. Ембі мен Мақат мұнай кеніштерінде өз қызме-
тін бастады. Өз жұмысына талапшыл, көрген, тоқы-
ғаны мол жас маман өз жұмысының хас шеберіне
айналды. Міне, осындай іскерлігін бағалаған мұ най
өндірісінің басшылығы 1937 жылы «Ембімұнай» тре-
сінде аға инженерлік қызметке тағайындады. 1938
жылдың 24 маусымында Бақсай ауданынан Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды.
Бұл үлкен жауапкершілік және жас маманға де-
ген қамқорлық деп те түсіну керек сияқты. Өйткені,
Сафи ағамыз жұмысқа деген ерекше құлшыныс
танытып, соғыс жылдарының қарсаңында және
Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбегімен
мұнайшылардың еңбегін тиімді ұйымдастырып, жұ-
мылдырып, Жеңіс үшін, Отан үшін, майдан үшін деп
Ембі мұнайын соғыс қажеттілігіне еселей өндіріп,
жеңісті жақындата түсті. Көптеген мұнайшылар Отан
алдындағы қажырлы, ерен еңбектері үшін орден,
медальдармен мадақталды. Олардың ішінде Сафи
Өтебайұлы болды. 1942 жылы «Құрмет белгісі» мен
«Отан соғысы» ордені және соғыс жылдарындағы
«Еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Құлсары,
Мақат, Комсомол мұнай кеніштерінде тонналап өн-
дірілген мұнайдың оңайлықпен игерілмегені бәрі-
мізге аян. Бұл жерде қарапайым мұнайшылар мен
жұмысшылардың, еңбеккерлердің сөзсіз ерліктері
жатыр. Сафи ағамыз үшін мұнайшылардан алған
жоғарғы баға, ұмтылмас, ерекше сезім ұялататын
оқиға 1947 жылы 16 ақпанда оны жерлестері
ҚАЗАҚ МҰНАЙЫНЫҢ АБЫЗЫ
Достарыңызбен бөлісу: |