Билеуші сұлтандар жиі алмасып тұрды. Ол
орталықтың талаптарын, яғни билеуші сұлатандар-
дың өз міндеттерін орын дамауына байланысты
болды, бұған Ж.Құдаймендиевті мысалға келтіруге
бо лады. Граф П.К.Эссен барымтаның жалғасып
жат қанына қанағаттанбады, сондықтан Жұманың
жа сының ұлғаюына сілтеме жасап, 1828 жылы 7
та мызда ол Орынбор Шекаралық комиссиясынан
Ж.Құдаймендиевтің орнына үміткер ұсынуды талап
етті. Сол күні Шекаралық комиссияның төрағасы
Г.Ф.Генс губернаторға Жантөре Жиханге р ов, Шотай
Бақтыгереев (Абылай ханның ұрпағы) және Айтөре
Жан шуақ ұлы (Ба тырдың шөбересі, Құдайберді Ба-
тырұлының немересі) канди датураларын ұсынды.
|