Дәулеткерейдің қайтыс болған жылы туралы
да әртүрлі пікірлер айтылып келді. Мысалы,
Б.Ерзакович “Қазақ ССР тарихының” ІІІ томында
Дәулеткерейді “ХІХ ғасырдың 70-жылдарында қайтыс
болған”,– десе, А.Жұбанов: “Дәулеткерей 1882 жылы
қайтыс болды,”– деп жазады. Ж.Ақбай «Радуга
Ақжайық» деген кітабында ұлы сазгер 1878 жылы
қайтыс болды дейді. Алайда, күйші-композитордің
қайтыс болған мезгілін дұрыс анықтаған ғалым – тағы
да П.В.Аравин. Ол жоғарыда көрсетілген еңбегінде:
”Дәулеткерей 1887 жылдың көктемінде өзі ұзақ
жылдар мекен еткен «Қарамола» деген жерде
дүниеден өткен”,– деп жазады. Дәулеткерейдің көп-
теген күйін кейінгі ұрпаққа таратушылар арасында
алдымен оның өз баласы Салауаткерей, күйшілер
Баламайсаң, Сейтек, Науша Бөкейханов және бас-
қалар болды.
Достарыңызбен бөлісу: |