Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


  жылы  30  сәуірде  п.К.­Эссен  жантөрені



Pdf көрінісі
бет71/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   299
9-20

1829  жылы  30  сәуірде  п.К.­Эссен  жантөрені 

Орынборға  шақырды.  23  мамырда  Жантөре  Жи-

хангеров  ұлы  Ахметпен  және  туысы  Ермен  Баба-

ұлымен  Орынборға  келді. 

1829  жылғы  29  мамыр­

да  оны  шығыс  бөліктің  сұлтан  билеушісі  етіп 

тағайындайды  [6,  35-п.,  38-п.,  85-п.,  88-п.,  89-п.]. 

Ол  ант  берді,  ал  бұл  рәсімді  Уфадан  келген  мүфти 

Абдрахим орындады [5, 159-п.]. Граф лауазымға тән 

билік  белгілері:  ту,  алтын  қылыш  және  грамотаны 

жеке өзі тапсырды [4, 6-п.; 5, 159-п.]. 

1834 жылы Жаңа шекара құру мақсатымен, яғни 

жаңа бекініске жер таңдауға және Орынбор әскерінің 

жерін  кеңейту  үшін,  оберквартирмейстер  полковник 

Жемчужников  жіберілді.  Оған  Шығыс  және  Ортаңғы 

бөліктің  би леуші  сұлтандары  Жантөре  Жихангеров 

пен  Жүсіп  Нұралиевті  ортаға  салып,  жауласып  жүр-

ген  қыпшақтар  мен  жағалбайлыларды  татуластыру 

тапсырылды  [10,  51-б.].  1834  жылы  билеуші  сұлтан 

Жантөре Жихангеровке міндетін атқарудан жалтарды 

деген  айып  тағылып,  орталық  оны  ауыстыру  үшін, 

кандидатуралар  қарастыра  бастады.  Осы  жылы 

сұлтан  Шотай  Бақтыгереев  билеуші  сұлтанның  кө-

мекшісі  болып  тағайындалды  [11,  1-б.].  Бірнеше  уа-

қыттан  кейін  Орынбор  Шекаралық  комиссиясынан 

хабар  түсіп,  онда  Жантөреге  сеніп  тапсырылған 

бөліктегі тәртіпсіздіктер мен шекараға шабуылдардың 

кең  өріс  алғаны  соншама,  бір  ауыл дан  екіншісіне 

қатынау  қауіпсіз  болмай  тұрғаны  айтылады.  Оның 

шеп маңында көшіп жүрген қазақтардан заңсыз ақ ша 

жинағанын  әшке ре леді  [11,  1-п.].  Шапқыншылықтың 

толастамауы мен барымта, заңсыз ақша жинау 1835 

жылдың  18  қазанында  Ж.  Жихан ге ровті  қызметінен 

босатуға  себеп  болды.  Оның  үстінен  тергеу  жүргізу 

туралы  жарлық  берілді.  Жантөре  Жихангеровтің 

отбасына тоқталсақ, ол Ішкі Орданың ханы Жәңгірдің 

қарын дасы Күзеке Бөкейхановаға үйленген [12, л. 1]. 

Оның екінші әйелі Шерғазы Айшуақовтың қарындасы 

– Мәдияр, мұнан оның ұлы Мұхамед дүниеге келеді 

[13,  1-п.].  Бірінші  әйелінен  ұлы  –  Ахмет  Жантөрин 

–  бірнеше  жылдан  соң  әкесінің  орнын  басады  және 

мемлекет  пен  император  алдындағы  қыз меті  үшін 

2  дә ре желі  Әулие  Станислав  ордені мен  және  Анна 

лента сындағы күміс ме дал ь мен марапат тал ды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет